50 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КІТАБЫ

50 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КІТАБЫ

50 ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК КІТАБЫ
ашық дереккөзі
Жыл сайынғы «Букер» әдеби сыйлығы «Алтын тойын» атап өтті. 50 жыл бойы үздіксіз ұйымдастырылып келе жатқан шара жүлдегеріне 50 мың фунт стерлинг (22 834 493 теңге) табысталады. 50 жылдықта жеңімпаз атанған әдеби шығармалар «Алтын Букер» жүлдесіне түсті. "Алтын букер" қазылар алқасының шешімімен емес, оқырмандардың дауыс беру нәтижелері бойынша беріледі. «Букер» жүлдесінен айырмашылығы да осы. Оқырмандар берген дауыс қорытындысы бойынша, 1992 жылы Букер сыйлығының лауреаты атанған канадалық жазушы Майкл Ондатженің "Ағылшындық пациент" романы үздік деп танылды. Бұл романның үздік шығуына, 1996 жылы кітап желісі бойынша түсірілген фильм әсер еткен. Фильм 1996 жылы тоғыз "Оскар" сыйлығын қанжығасына байлаған еді.