Қосымша еңбекақы беріледі

Қосымша еңбекақы беріледі

Қосымша еңбекақы беріледі
ашық дереккөзі
1538
Қазақстандықтар 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосымша еңбекақы алады. Республика бойынша жұмысшылардың қосымша еңбекақысы үшін 29 млрд теңге қарастырылған. Мемлекет басшысы Бес әлеуметтік бастамасында жалақысы 25 АЕК немесе 60 125 теңгеден төмен жұмысшылар үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесін 10 есе төмендету туралы ұсыныс білдірген. Ал елімізде мұндай көлемде жалақыны 2 млн-нан аса адам алады. Аталған бастаманы іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп жұмыс жүргізді. Соның нәтижесі бойынша жалақысы төмен жұмысшылардың жеке табыс салығын төмендетудің оңтайлы тетігі айқындалды. Мәселен, салық салынатын табыс 90 пайызға төмендетіледі. Яғни, салық жүктемесі 10 есе азаяды. Яғни, іс жүзінде салық мөлшері 2 583 теңгеден 258 теңгеге дейін төмендеп, жалақы қосымша 2 325 теңгеге өседі.

Серіктес жаңалықтары