Тәжікстанда ірі жібек фабрикасы саудаға шығарылды

Тәжікстанда ірі жібек фабрикасы саудаға шығарылды

Тәжікстанда ірі жібек фабрикасы саудаға шығарылды
ашық дереккөзі
Тәжікстан "Пилла" ірі жібек фабрикасын саудаға қойды. Мемлекеттік мүлік және инвестиция жөніндегі комитет кәсіпорынды жекешелендіру жөнінде халықаралық тендер өткізеді. Тендерге одандық және шетел кәсіпкерлері шақырылған, деп хабарлайды centralasian.org. "Пилла" кәсіпорыны акцияларының бастапқы құны - шамамен 4 млн 911 мың сомони, немесе 400 мың доллар. "Пилла" - елдегі ірі жібек кәсіпорыны, республика бойынша 39 филиалы бар. Жібек құрттарын өсірумен шұғылданады. Жібек комбинаттарын шикізатпен қамтамасыз ететін жалғыз кәсіпорын. Үкімет болашақ қожайынға үш шарт қойды. Біріншіден, кәсіпорынның жаңа қожайыны алғашқы бір жыл көлемінде кәсіпорынның шамамен 16 млн сомони қарызын жабуы тиіс. Екіншіден, жаңа қожайын алғашқы үш жылда "Пилла" кәсіпорынынын дамытуға және жаңа құрылғылар сатып алуға 35 млн сомони бөлуі керек. Үшіншіден, үш жылдың ішінде жаңа 500 жұмыс орнын ашуы тиіс. Бұған қоса жаңа меншік иесі кәсіпорынды қайтадан сатуа алмайды немесе оның қызметін өзгерте алмайды. Тәжікстан үкіметі бірнеше жыл бұрын ірі мемлекеттік кәсіпорындарды сатты, бірақ жаңа меншік иелері олардағы құрал-жабдықтарды сатып жіберіп, қызметін тұралатқан. Жаңа талаптар соны болдырмау үшін қойылып отыр.