Аптап ыстықтан Түркістан облысында 25 адамды қарақұрт шаққан

Аптап ыстықтан Түркістан облысында 25 адамды қарақұрт шаққан

Аптап ыстықтан Түркістан облысында 25 адамды қарақұрт шаққан
ашық дереккөзі
370
Аптап ыстықта Түркістан облысында 25 адам қарақұрт, тағы 5 адам жылан шағып ауруханаға түскен, деп хабарлайды Хабар 24. «Дер кезінде көмек көрсетілгендіктен қайғылы жағдай тіркелген жоқ», – дейді дәрігерлер. Қазір олардың 10-ы аймақтық гипербарикалық оксигенизация орталығында емделіп жатыр. Мамандардың айтуынша, қатты ыстықта қарақұрт өте қауіпті келеді. Улы жәндік шаққан адамның 10-15 минуттан кейін іші мен кеудесі қатты ауырады. Аяқтарының жаны кетіп, құрысып қалады. Басы айналып, құсқысы келеді. Дер кезінде көмек көрсетілмесе, ересек адам 7 күннен кейін, ал балалар 5 күнде өліп кетуі мүмкін. «Сондықтан табиғат аясына шыққанда, өте мұқият болу керек», – дейді дәрігерлер. «Жас балалар болды. Қазір жансақтау бөлімінде бүгін таңғы сағат 5-те түскен бір науқасымыз бар. 6 жасар қыз бала. Жағдайының ауырлығына байланысты жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жүкті әйелдер болған жоқ. Кішкентай балалар болды»,-деді Асылхан Мыңбосынов, облыстық жоғарғы қысымды оттегімен емдеу орталығының бөлім меңгерушісі.  

Серіктес жаңалықтары