11 Шілде, 10:35 343 0 Қоғам Назым Тойлыбаева

ШҚО-да үш жаңа мектеп ашылады

ШҚО-да апатты жағдайдағы үш оқу орнында жөндеу жұмыстары жүреді, деп хабарлайды Алтайньюс.

Өңірдегі құлаудың аз-ақ алдында тұрған мектептер әлі күнге дейін оңалмай келеді.  Солардың бірі Тарбағатайда болса, тағы екеуі Күршім ауданында бар.

Осы уақыт аралығында ШҚО-да үш аусымды оқу орындары қалмауы тиіс.

Аягөз ауданындағы №4 мектеп облыс көлеміндегі осы уақытқа дейін үш аусымды күйінде қалған жалғыз білім ошағы еді. Сол себепті 2017 жылы ҚР Ұлттық қорының есебінен 600 оқушыға арналған жаңа мектептің құрылысы басталған. Облыстық құрылыс, архитектура және қала құрылысы басқармасының мәліметіне сәйкес, жаңа білім мекемесі тамыз айында туын тікпек.

Айта кетейік, дәл қазіргі уақытта облыс көлемінде 3820 орындық алты білім нысанының құрылысы жүріп жатыр. Оның бесеуі жаңа мектеп, біреуі мектепке қосымша ғимарат. Осы жылы үш жаңа білім ошағы қатарға қосылады.

Соңғы жаңалықтар