10 Шілде 2018, 17:56 646 0 Экология Назым Тойлыбаева

Сырдария миллиард текше метр судан қағылып отыр

Сырдария миллиард текше метр судан қағылып отыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Су шаруашылығын мемлекетаралық үйлестіру комиссиясының шешімінде келісілген міндеттердің өз деңгейінде орындалмауынан, Сырдың суы сирақтан келген. Енді топырақ құрғап, егін сусап тұр. Қызылорда облысына қазіргі таңда өзен бойымен секундына 500 текше метр тіршілік нәрі құйылады. Былтыр бұл көрсеткіш 2 есе артық болатын. Су тапшылығы әсіресе Қазалы, Қармақшы аудандарында айқын сезіледі. Оның үстіне аймақ диқандары егінді бекітілген межеден көп еккен. Шаруалар қазір алқаптарды кезек-кезек суаруға көшті. Жергілікті билік су тапшылығын алдын ала болжап, егіншілерге ескерткен. Қазір кей арналар жабылып, жаппай су үнемдеу шаралары қолға алына бастады. Су шаруашылығы комитетінің араласуымен өзен бастауындағы қоймалардан жіберілетін су көлемін секундына 600 текше метрге жеткізу жағы шешімін тауып отыр. Тек ол су Қызылордаға жетемін дегенше, 1 апта кетеді.

«Ротация сақтау мәселесі, су тапшылығына байланысты насостық қондырғы дайындау мәселесі, биік жерге екпеу мәселесі қаралуда. Облыс әкімі бекіткен жоспардан судың тапшылығына қарамастан, 7 мың га күріш артық егіліп отыр»,- дейді  «Қазсушар» РМК филиал директорының орынбасары, Жорабек Ерназаров.

 

Соңғы жаңалықтар