Ердоған Түркия үкіметінің жаңа құрамын жариялады

Ердоған Түркия үкіметінің жаңа құрамын жариялады

Ердоған Түркия үкіметінің жаңа құрамын жариялады
ашық дереккөзі
271
Режеп Тайып Ердоған Түркия үкіметінің жаңа құрамын жариялады, деп хабарлайды Хабар 24. Қаржы министрі болып президенттің күйеу баласы Берат Албайрак тағайындалды. Албайрак бұған дейін энергетика және табиғи ресурстар министрі болып қызмет еткен. Ал бірінші вице-президент лауазымына Фуат Октай, ал қорғаныс министрі болып бас штабтың бұрынғы басшысы Хулуси Акар тағайындалды. Естеріңізге сала кетейік, кеше Анкарада Түркияда президенті Режеп Тайып Ердоғанның инаугурациясы өтті. Осы күні елде президент билігін күшейткен жаңа конституция күшіне енді. Ант қабылдау кезінде ол жаңа үкіметтің алғашқы отырысы 13 шілдеде өтетінін айтты. Ердоған 2018 жылы 24 маусымдағы сайлауды жеңіске жетіп, бес жылға президент болып сайланды. Жаңа конституцияға сай президенттің өкілеттілігі артып, премьер-министрдің міндеттері азайған. «Үкіметтің жаңа құрамының жұмысы жемісті болатынына сенімдімін. Бұл президенттік басқару жүйесі кезінде сайланған алғашқы министрлер кабинеті»,- дед Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті.  

Серіктес жаңалықтары