Павлодарда 50-ден астам «жалған зейнеткер» анықталды

Павлодарда 50-ден астам «жалған зейнеткер» анықталды

Павлодарда 50-ден астам «жалған зейнеткер» анықталды
ашық дереккөзі
277
Павлодарда ақшалай сыйлыққа зейнет жасына жетпегендерге заңсыз зейнетақы төлемін рәсімдеген қызметкерлерге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ Павлодар облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті директорының орынбасары Лукашова, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Смағұловаға және өзге де бюджеттік қаржыны жымқырумен айналысқандардың тергеуін аяқтады. Жоғарыда аталған қызметкерлер ұзақ уақыт бойы (2005 жылдан бері) және жүйелі түрде қызметтік лауазымын асыра пайдалану арқылы 300 мыңнан бір миллион теңгеге дейінгі ақшалай сыйлыққа Павлодар облысының зейнет жасына жетпеген тұрғындарына заңсыз зейнетақы төлемін рәсімдеп отырған. Нәтижесінде 50-ден астам «жалған зейнеткерлер» анықталды. Салдарынан мемлекетке 120 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген. Оларға зейнетақы мұрағат анықтамасы, ядролық полигон аймағында тұрғандығы жөніндегі, көп балалы аналар үшін баланың туылғандығы жөніндегі сынды көптеген жалған құжаттар негізінде тағайындалған. 2018 жылдың 15-мамырынан бастап Смағұлова үй қамағына алынған. Ал, Лукашова 31-мамырдан бастап күзетке алынған. Қазіргі таңда қылмыстық іс кіналау актісі бойынша әрі қарай сотқа жіберілуі үшін прокуратураға жөнелтілген. Қылмыстық істі тергеу қорытындысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сыбайластыққа байланысты жағдайды реттеу ұсынылды. Құқықбұзушылық бойынша алдын алу мақсатында аталған мемлекеттік ұйымдардың еңбек ұжымымен кездесу өтеді.  

Серіктес жаңалықтары