Елімізде 5 мың адам бостандыққа шығуы мүмкін

Елімізде 5 мың адам бостандыққа шығуы мүмкін

Елімізде 5 мың адам бостандыққа шығуы мүмкін
ашық дереккөзі
254
Бас прокуратурада Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша алқа отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Алқа отырысы барысында бас прокурор ведомствоның қылмыстық саясатты гуманизациялауға бағытталған заң жобасы жасалғанын мәлімдеді. "Қоғамдық жұмыстар, 260 қылмыс құрамы бойынша бостандықты шектеу енгізіліп жатыр. Айыппұл сомасы төмендеп, 36 құрам бойынша бостандықтан айыру мерзімі азайып жатыр, ауыр қылмыстар бойынша жауапқа тарту мерзімі 5 жылға қысқарды. Бұл сотталған бес мың адамды босатуға жол береді. Заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Заңдылықты нығайду бойынша жұмыс жалғасады", - деді Қожамжаров. Бас прокурор ұсталғандар мен қамауға алынғандардың азайып жатқаны бақыланып отырғанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары