сейсенбі, 8 сәуір, 2025

Ашхабадта алкоголь өнімдерін сататын сауда нүктелері жабылып жатыр

/
ашық дереккөзі
Ашхабадта алкоголь өнімдерін сататын сауда нүктелері жабылып жатыр Азатлыктың Ашхабадтағы тілшісі Түркіменстан астанасында алкоголь сататын дүкендер жаппай жабылып жатыр деп хабарлады. "8 шілдеден бастап алкоголь өнімдерін сататын "Мир-1" шағын ауданындағы базар жабылды. Мұнан бөлек коммерциалық дүкендер де жабылған. Бірақ кешкі 20.00-ден кейін кейбір дүкендер қайта ашылды", - дейді Азатлык тілшісі. Келесі күні жергілікті тұрғындар хабарлап, қара базарда доллар бағамы күрт өсіп, бір доллардың 12 манат болғанын айтты. Ал Түркіменстанның Орталық банкінде 2005 жылы бекіткен бағам бір доллар - 3.5 манат күйінде тұр. "Доллардың өсуін көбі алкоголь өнімініне тыйым салумен байланыстырып отыр. Бірақ бұл шындыққа сәйкес келмейді. Алкоголь сатушылардың валюта нарығына қатысы жоқ", - дейді Ашхабад тұрғынының бірі.
Бөлісу: