522
Жапонияда толассыз жауған жауынан қаза тапқандар саны 117 адамға жетті
Жапонияда толассыз жауған жауынан қаза тапқандар саны 117 адамға жетті
Жапонияда толассыз жауған жауын мен су тасқынынан қаза тапқандардың саны артты, деп хабарлайды Хабар 24.
Мұнда табиғи апаттан 117 адам қаза тауып, тағы бірнеше тұрғын іс-түссіз жоғалды деп хабарланды.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, жауынның күшті болғаны сонша тіпті тұрғындар толып қалған топан судан көшеге шығай алмай қалған. Табиғаттың тілсіз жауы жүздеген ғимарат пен тұрғын үйді күйретті. Жапонияның барлық аймағынан 1 миллион 500 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Құтқару шараларына ондаған мың әскери мен полицейлер және өрт сөндірушілер жұмылдырылған.
Ал ауа райын болжау қызметінің хабарлауынша, алдағы күндері елдің оңтүстік-батыс және орталық өңірлерінде тағы жауын жауады. Осыған байланысты су тасқыны мен лай көшкіні қаупі күшейетіні ескертілді.