252
Елімізде демалыс күндері 20 адам суға кеткен
Елімізде демалыс күндері 20 адам суға кеткен
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрілігі төтенше жағдайлар комитетінің мәліметіне қарағанда демалыс күндері елімізде жиырма адам суға кеткен.
Олардың арасында балалар да бар. Атап айтқанда, шілде айының 8-9 күндері Шығыс Қазақстан облысында бес адам қайтыс болды. Қызылорда мен Қарағанды облысында үш, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облысында екі, Қостанай мен Батыс Қазақстан облысында бір адам суға кеткен. Алматы мен Астанада да бір-бір оқиға тіркелді.
Көбі тыйым салынған жерлерде суға шомылған. Қауіпсіздік ережелерін сақтамау соңы қайғыға ұласып отыр. Төтенше жағдайлар комитеті демалушыларды сақтық шараларын сақтауға шақырады.