Жапонияда тайфун салдарынан қаза тапқандар саны артты

Жапонияда тайфун салдарынан қаза тапқандар саны артты

Жапонияда тайфун салдарынан қаза тапқандар саны артты
ашық дереккөзі
230
Жапонияда «Прапирун» дауылыныан кейін жауған нөсер мен су тасқындарынан қаза тапқандардың саны артты, деп хабарлайды 24.kz. Тағы 92 тұрғын жоғалып, табылмай жатыр. Биліктің айтуынша, жаңбырдың бұлай толассыз жаууы бұрын соңды болмаған. Қазірге дейін апатты аймақтардан 1 миллион 500 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Құтқару шараларына ондаған мың әскери мен полицейлер және өрт сөндірушілер жұмылдырылған. Метеорологтардың хабарлауынша, алдағы күндері елдің оңтүстік-батыс және орталық өңірлерінде тағы жауын жауады. Осыған байланысты су тасқыны мен лай көшкіні қауіпі күшейетінін ескертіп отыр.

Серіктес жаңалықтары