Қазақстан президент туған күнімен сәйкес келетін Астана күнін тойлап жатыр

Қазақстан президент туған күнімен сәйкес келетін Астана күнін тойлап жатыр

Қазақстан президент туған күнімен сәйкес келетін Астана күнін тойлап жатыр
ашық дереккөзі
229
Қазақстанда бүгін мемлекет астанасы – Астана қаласының 20 жылдығын тойлап жатыр. Мемлекеттік мейрам болып жарияланған бұл күн биыл 78 жасқа толған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен "тура келеді". Президент Назарбаевтың бастамасы бойынша, 1997 жылы мемлекет астанасы оңтүстік-шығыстағы Алматыдан елдің орталығындағы Ақмола (СССР кезінде - Целиноград) қаласына көшірілген. 1998 жылы Назарбаев жарлығымен қала атауы Астана болып өзгертілген. 2006 жылға дейін Астана күні жылда маусымныың 10-ы күні тойланатын, кейін оны шілденің 6-сына белгіледі. 2008 жылдан бастап Астана күні – мемлекеттік мейрам, демалыс күні болып бекітілді. Биылғы мереке қарсаңында аймақтар ескерткіш, велосипед жолы, балабақша, саябақты қайта жаңғырту тәрізді Астанаға сыйлықтар тарту етті. Ресми мәлімет бойынша, Астана күні мерекесіне биыл 18 миллиард 800 миллион теңге жұмсалған. Астана қаласын Қазақстанды совет дәуірінен бері үздіксіз басқарып отырған Назарбаевтың "перзенті" деп атайды. 1990 жылы сәуірдің 24-інде жаңадан тағайындалған Қазақ ССР президенті қызметіне сол кездегі Жоғары Кеңес төрағасы әрі Қазақ ССР Коммунистік партиясының жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаев сайланған. Содан бері Қазақстанда өткен кезекті және мерзімінен бұрын президент сайлауларында Нұрсұлтан Назарбаев басым дауыспен жеңіске жеткен. Соңғы рет 2015 жылғы сайлаудың ресми қорытындысы бойынша, Назарбаев 97 пайыздан артық дауыс алған. Батыс бақылаушылары мен қазақстандық оппозиция Қазақстандағы сайлаулар әділ өткен емес деп санайды. Назарбаевты саяси бәсекелестерін қудалап, балама пікір айтушыларды басып-жаншиды деп сынайды. Назарбаевтың өзі "Қазақстанның демократияға жетер өз жолы бар" деп айтып жүр. Жақында Қазақстан парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы президент сайлауы Назарбаевтың қатысуынсыз өтуі ықтимал деп айтып қалды. Бірақ, ізінше ол түпкілікті шешімді Назарбаевтың өзі қабылдайды деп мәлімдеген.  

Серіктес жаңалықтары