ЖАҢАРҒАН ЕЛДІҢ АЛТЫН БЕСІГІ

ЖАҢАРҒАН ЕЛДІҢ АЛТЫН БЕСІГІ

ЖАҢАРҒАН ЕЛДІҢ АЛТЫН БЕСІГІ
ашық дереккөзі
249
Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өмірінде Астананың айрықша орны бар екені баршаға мәлім. Қаланың сәулеттік және жоспарлау құрылысы туралы жазылған «Еуразияның жүрегінде» атты кітабында Елбасы: «Адамдар сынды қалалардың да тағдыры бар» дейді. Сондай-ақ, әр қаланың атауы мен өмірбаяны, жер бетіндегі өзге шаһарлардан ерекшеленетін өзіндік мінезі болатынын айтады. 1800 жылға дейін тарихи шежіресі әртүрлі аңыздар мен хикаяларға арқау болған ескі қоныс бұл күнде Астанаға айналып, өзіндік мәдениетке ие, барлық өлшемге сәйкес әлемдегі алдыңғы қатарлы қалалардың тізіміне ілінді. Астана – иен далада 280 мың халық мекендеген шағын ғана қала еді. Ал бүгін 1 миллионнан астам тұрғыны бар, гүлденген, жаңарған қазақ елінің алтын бесігі. Қазақстанға жолым түскен сайын ел мен жердің тұрмыс-тіршілігімен жіті танысамын. 1998 жылдан бері бас қаланың даму процесіне куә болып келе жатырмын. Әлемге танымал архитекторлармен бірге жүзеге асырған безендіру, абаттандыру жұмыстары тәнті етеді. Соңғы 20 жыл ішінде Елбасы жан-жақты басымдық беріп, әлемдегі ең үздік 30 қаланың қатарына қосуды мақсат етіп қойды. Бүгінгі таңда қайталанбас келбетімен, ерекше көріністерімен адам танымастай өзгерді. Сирек үлгідегі қала форматы ұлт болмысымен астасқан. Қазақи құндылығын сақтап, басқа мәдениеттердің жақсы жақтарын өзіне синтездей алғанын ризашылықпен тамашалап, ұдайы көргім келіп тұрады. 1999 жылы ЮНЕСКО ұйғарымымен «Әлем қаласы», 2012 жылы «Түркі әлемінің мәдени бас қаласы» деп бекітілген Астанада жыл сайын өтіп жатқан түрлі көрмелер мен фестивальдер, бәйгелер мен басқосулардың берері мол. 2017 жылғы ЕХРО көрмесі қалталы инвесторлар мен туристердің елді көріп, тануына жол ашты. Дайындық жұмыстары барысында қаланың экономикалық дамуына үлес қосатын ауқымды инвестициялар салынды. Медицина ғылымы, технология және туризм саласы бойынша халықаралық қауымдастықтың назарын аударып, құрылыс пен жүк тасымалдау секторлары едәуір дамыды. Сырт пішіні ғана емес, ішкі кеңістігі әлемдік стандарт бойынша жабдықталған ғимараттар құрылысымен Астананың дамуын шектеуге болмайды. Әр оқиға ұлт лидерінің арман-тілегі шындыққа ұласқанын жалпақ жұртқа жария ете бермек. Осындай қарымды қызметте Елбасыға шын жүректен сәттілік тілеймін және Астананың 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын.  

Ахмет ЧАЛЫК,

«Чалык» холдингінің басқарма төрағасы,

Қазақстан Республикасының

Бурса қаласындағы Құрметті консулы

 

Серіктес жаңалықтары