Қайырымдылыққа жол ашқан акция

Қайырымдылыққа жол ашқан акция

Қайырымдылыққа жол ашқан акция
ашық дереккөзі
449
Жуырда «Нұр Отан» партиясының Алматы облысы, Еңбекшіқазақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен Астананың 20 жылдығына орай «20 игі іс» атты республикалық акция аясында ауданның тұрмыстық жағдайы төмен отбасыларындағы оқушы балаларға арналған қайырымдылық шарасы өтті. Акция аясында тұрмысы төмен отбасынан шыққан 20 оқушы оқуға қажетті құрал-жабдықтар, мектеп формаларын алды.  – Бүгінгі таңда ауданымызда 3160 бүлдіршін әлеуметтік тұрмыстық  жағдайы аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленуде. Шара барысында депутаттардың атсалысуымен жалпы сомасы 520 мың теңге көлемінде, мектеп формалары мен сөмкелер және құрал-жабдықтар табысталды. Сондай-ақ, аудандағы партия белсенділері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, жомарт кәсіпкер азаматтардың көмегімен 2640 оқушыны жазғы сауықтыру лагерлеріне жіберу жоспарланды. Партияның жаңа жобалары аясында алдымыздағы 1 шілде мен 1 қыркүйек айлары арасында мектеп жанынан ашылатын ағылшын тілін оқыту лагерлерінде 5-10 сынып оқушылары мен мұғалімдері, жалпы саны 750 адамды тегін оқыту жоспарланып отыр, – дейді аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ. – Нұротандықтар мұрындық болып, белсене қатысып жатқан мұндай игі істердің әлеуметтік тұрмысы төмен отбасылар үшін берер көмегі мол. Қажетті материалдық қолдау қазіргі таңда көптеген отбасына қажет. Сіздерге жомарттық танытқандарыңыз үшін, ізгілікті іс үшін алғысым шексіз. Балам мектепке дайын. Партиялықтардың осындай пайдалы істе белсенділік танытқаны қуантады, – деді «Алтын алқа» иегері, Алмалы ауылының тұрғыны Бибігүл Беркінбаева.

Серіктес жаңалықтары