Мен әжемнің қызы едім...

Мен әжемнің қызы едім...

Мен әжемнің қызы едім...
ашық дереккөзі
7020
Әлемдегі ең ардақты әже  өмірден өтіп кетсе де, көңілден ешқашан кетпек емес. Ардақты  да аяулы әжем Төлеуқызы  Кеңескүлдің  өмірден озғанына, міне,  40 күн толып отыр. Еркелетіп, аялап өсірген әжеміздің орны ойсырап тұр. Мен үшін әжем дүниедегі асыл әжелердің ішіндегі ең ғажабы, ең ардақтысы, ең асылы. Әже – отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын-абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі.  Сол сияқты менің әжем де ағайын-туыстарының, балаларының, келіндерінің, немерелерінің ақылшысы, тәрбиешісі, әулеттің ұйытқысы бола білді. Әжем  Жаңатұрмыс ауылында дүниеге келді. Ойық ауылына келін болып түсіп, үбірлі-шүбірлі болған Жексенбаевтар  әулетінің ұлағатты анасы атанды. Әжем 6 ұл, 3 қыз, 28 немере тәрбиелеп, олардан 10 шөбере көріп үлгерді. Ардақты ана, немере мен шөберелерінің сүйікті әжесі. Әжем өте сұлу, ажарлы кісі болған. Жасы келіп, қартайса да жүзінен ажары таймаған еді әжемнің. Әжем әншілік өнерден де құралақан емес еді. Елге танылған күміс көмей, жезтаңдай әнші болмаса да, Жамбыл облысының Талас ауданындағы Ойық ауылының жиын-тойында сызылтып ән салатын. Бүкіл саналы ғұмырын  балалары мен немерелеріне  тәрбие беру жолына сарп еткен әжемізді еске алғанда көз алдымызға оның ақпейіл мінезі мен әжелік қамқорлығы келеді. Еркелетіп өсірген әжемнің орны біз үшін қашанда ерекше. Өзінің ақыл парасаты мен асыл қасиеті, әрбір айтқан өсиет сөздері мәңгілікке жадымызда, жүрек түкпірінде сақталмақ. Қазір әжемнің айтар ақылы, әрбір істі шешердегі сабырлылығы, турасын кесіп айтар нақтылығы жетіспей, орны үңірейіп тұрғандай. Әрдайым оқудан үйге қайтқанда алдымнан шығып, «айналайын», «қарағым» деп  айтқан сөздері сірә, құлақтан кетпес. Амал нешік, Алланың пендесіне  берер қамшының  сабындай  ғана  қысқа ғұмыр. Бәріміздің де тілеуімізді тілеп, әрдайым күтіп отыратын сүйікті әжеміздің енді ортамызда жоқ екенін ойлағанда көзге жас, көңілге мұң үйіріледі. Ағайын-туыстарын, балаларын, немере, шөберелерін бауырына тартып, ашық-жарқын  мінезімен жанымызды  жадырату әжемізге ғана тән қасиет сияқты көрінетін. Әжемнің мәңгілік келмес сапарға аттанғанын білсем де, еш сене алар емеспін. Әже, жатқан жеріңіз жайлы, топырағыңыз торқа, жаныңыз жәннатта  болсын!

Назерке ЖЕКСЕНБАЕВА

Серіктес жаңалықтары