5 Шілде, 11:38 432 0 Аймақ Назым Тойлыбаева

Мексикада Астананың 20 жылдығы аталып өтті

Мексикадағы Қазақстанның елшілігінде Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орайластырылған ресми қабылдау өткізілді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Іс-шараға Мексиканың мемлекеттік органдары, бизнес топтары, мәдениет қайраткерлерінің, саяси истэблишменті және қазақ диаспорасының 200-ден астам өкілі қатысты.

Қазақстанның  Елшісі Андриан Елемесов алғы сөзінде қатысушыларды жас Астананың қалыптасуының елеулі кезеңдерімен, жаһандық саясаттағы өскелең рөлімен, көпшілікпен танылған халықаралық күн тәртібінің саяси және экономикалық мәселелер бойынша келіссөздер алаңының жетістіктерімен таныстырып шықты.

Сонымен қатар, қонақтар Қазақстанның жетістіктері мен даму перспективалары, жағымды инвестициялық саясаты, стратегиялық бағдарламалары мен халықаралық бастамаларының негізгі бағыттарымен таныстырылды.

Сыртқы істер министрлігі департаментінің Бас директоры Хорхэ Альварес Фуэнтес Мексиканың Сыртқы саяси ведомство басшысының атынан құттықтау хатты оқып, Қазақстанның аймақтық лидері ретіндегі өскелең потенциалын, халықаралық сахнадағы медиатор рөлін және табысты экономикалық өзгерістерін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, қонақтардың назарына Астана туралы арнайы фильм және қазақ ұлттық тағамдары ұсынылды.

 

Соңғы жаңалықтар