«Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми түрде ашылды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми түрде ашылды

«Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми түрде ашылды
ашық дереккөзі
224
Негізі орталық жыл басынан бері жұмысына кірісіп, ұйымдастырушылық мәселелердің барлығын пысықтаған болатын, деп хабарлайды Хабар 24. Енді қаржы хабы ретінде әлемге танылуға дайын. Дәл қазір қаржы орталығының ашылу салтанатын тікелей эфирде тамашалай аласыз. Институттың салтанатты ашылу рәсіміне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Әбу-Дабидің тақ мұрагері шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаян қатысып жатыр. Атап өтейік, «Астана» халықаралық қаржы орталығы Дубайдағы қаржы ұйымдарымен әріптестік орнатқан. Сондай-ақ Шанхай, Лондон, Нью-Йорк, Токио, Сингапур сынды Батыс пен Шығыстағы барлық орталықтармен берік ынтымақтастыққа жол салды. Қазір 55 компания бізбен жұмыс істейтінін растаған. Ал жыл соңына дейін бұл тізім 100-ге жуықтауы мүмкін. Сондай-ақ орталық алдағы уақытта исламдық қаржыландыру нарығының дамуына ықпал етуді көздейді. Осылайша 2030 жылға дейін 30 млрд доллар көлемінде инвестиция тарту жоспарда бар. Тағы бір жаңалық, қаржы орталығы тәуелсіз сотының 9 судьясы тағайындалды. Олардың барлығы құқықтану саласындағы белді тұлғалар. Бәрі де шетелдік. Айтпақшы, осында жұмыс істейтін өзге елдің азаматтарына 5 жылға дейін виза беріледі. Ал құжатты рәсімдеу үшін ары-бері сандалмайсыз. Мұнда бір терезе қағидаты жұмыс істейді. Тіпті, салық төлемдерінен 50 жылға босату жайы да қарастырылған. Ал келер жылдан бастап жаңа халықаралық рейстер ашылады. Нәтижесінде Астана әлемнің 9 қаржы орталығымен тікелей әуе қатынасы арқылы байланыспақ.

Серіктес жаңалықтары