Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы аталды

Қазақстандық Данияр Елеусіновтің (2-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші қарсыласы мажарстандық боксшы болады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне қазақстандықтың менеджері Зия Әлиев мәлімдеді. 

«Қарсыласы Габор Горбич, Данияр онымен ертерек жұдырықтасуы керек еді. Жарақатын жазып, рингке шығуға дайын», – дейді Олимпиада чемпионының менеджері.

27 жастағы  Елеусінов пен 30 жастағы Горбичтің жекпе-жегі 4 тамызда Кардиффте өтеді. Қарсыластар маусымда жекпе-жек өткізу керек болатын, алайда, мажарстандық жарақат алып қалған болатын.

Осылайша, оның орнына отандасы Золтан Шабо жұдырықтасып, Елеусіновке есеп бойынша жеңілді. Мажарстандық боксшы Елеусіновтің олимпиада финалындағы қарсыласы – 24 жастағы Шахрам Гиясовпен (2-0, 1 КО) жекпе-жек өткізіп, төрешілер есебімен жеңіске жеткен.

Back to top button