Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы аталды

Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы аталды

Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы аталды
ашық дереккөзі
Қазақстандық Данияр Елеусіновтің (2-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі үшінші қарсыласы мажарстандық боксшы болады. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне қазақстандықтың менеджері Зия Әлиев мәлімдеді.  "Қарсыласы Габор Горбич, Данияр онымен ертерек жұдырықтасуы керек еді. Жарақатын жазып, рингке шығуға дайын", - дейді Олимпиада чемпионының менеджері. 27 жастағы  Елеусінов пен 30 жастағы Горбичтің жекпе-жегі 4 тамызда Кардиффте өтеді. Қарсыластар маусымда жекпе-жек өткізу керек болатын, алайда, мажарстандық жарақат алып қалған болатын. Осылайша, оның орнына отандасы Золтан Шабо жұдырықтасып, Елеусіновке есеп бойынша жеңілді. Мажарстандық боксшы Елеусіновтің олимпиада финалындағы қарсыласы - 24 жастағы Шахрам Гиясовпен (2-0, 1 КО) жекпе-жек өткізіп, төрешілер есебімен жеңіске жеткен.