«7-20-25» бағдарламасына қатысатын банктер белгілі болды

«7-20-25» бағдарламасына қатысатын банктер белгілі болды

«7-20-25» бағдарламасына қатысатын банктер белгілі болды
ашық дереккөзі
ҚР Ұлттық банкі «7-20-25» бағдарламасына қатысатын серіктес банктерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Тізімге 7 банк: Банк Центркредит, Евразия банкі, АТФ банк, банк RBK, Халық банкі, Цеснабанк, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі енді. Жыл соңына дейін бұл тізімге Сбербанк пен Forte банк қосылуы мүмкін. ҚР Ұлттық банкі төрағасы аталған бағдарламаның операторы «Баспана» ипотекалық ұйымы болатынын 5 мамырда мәлімдеген болатын. «7-20-25» бағдарламасы  Мемлекет басшысының 5 наурызда жариялаған «Бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру аясында жасалды. Айта кетейік, Бағдарлама бойынша ипотекалық қарыздар жылына 7% үстемемен 25 жылға беріледі. Алғашқы жарна - 20%. Жаңа ипотекалық займды Қазақстан Республикасының кез келген азаматы ала алады. Ол үшін ең басты шарт - адамның басында жылжымайтын мүлкі болмауы керек. Бағдарлама бойынша Қазақстанның кез келген өңірінен Алматы, Астана, Атырау қалаларынан ең максималды 25 млн теңгеге, қалған өңірлерде 15 млн теңгеге баспана сатып алуға болады.