Қазақстанның сыртқы қарызы қысқарып жатыр

Қазақстанның сыртқы қарызы қысқарып жатыр

Қазақстанның сыртқы қарызы қысқарып жатыр
ашық дереккөзі
Қазақстанның Ұлттық банкі елдің сыртқы қарызы қысқарып жатыр деп мәлімдеді. 2018 жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткіш бойынша сыртқы қарыз 166,6 миллиард долларды құраған. Бұл - ЖІӨ бойынша 102,2 пайыз, жыл басынан бері 2,8 пайызға жақсарған. 2018 жылдың алғашқы тоқсаны бойынша елдің сыртқы қарызы 0,8 млрд долларға азайған. Ұлттық банк мәліметі бойынша, қарыздың азаюы «Қытайдың мемлекеттік және қаржы ұйымдарынан алынған борышты біртіндеп өтеумен және бағалы қағаздың нарықтағы бағасының түсуімен байланысты». Ресми дерек бойынша, елдің сыртқы қарызы Сыртқы борыштың көбі - фирмааралық берешекке тиесілі (63%). Қалған қарыздың 26%- кредиторлар алдындағы "басқа секторлардың" сыртқы борышы, 8% - мемлекеттік сыртқы қарызы, 4% - банк секторының сыртқы міндеттемелері. 2017 жылы маусымда Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстанның сыртқы қарызы 167,9 млрд долларды құрайтынын айтқан.