Қара алтын қымбаттаса бір қауіп...

Қара алтын қымбаттаса бір қауіп...

Қара алтын қымбаттаса бір қауіп...
ашық дереккөзі
Сауд Арабиясы ОПЕК келісіміне қатысушы елдердің ұжымдық мұнай өндірісін арттыру туралы бастама көтерді. Эр-Рияд ұжымдық мұнай өндірісін 600-800 мың баррелге дейін ұлғайтуды ұсынған. Бірақ бұл ұсынысқа ОПЕК бірден жауап қата қойған жоқ. Сауд Арабиясының мұндай бастамасына алғашқы болып жауап берген Иран болды. Иранның мұнай министрі Джаббар аль-Лаиби қазіргі өндіріс көлемін жыл соңына дейін сақтап қалу қажеттігін айтты. Ал 23 маусым күні Вена қаласында ОПЕК-ке мүше елдердің қатысуымен өткен жиында Сауд Арабиясының бастамасы құпталды деуге әбден негіз бар. Осы жиында ұйымға мүше мемлекеттер мұнай өндіруді тәулігіне 1 млн баррельге дейін ұлғайтуға келісті. Естеріңізде болса, 2016 жылы ОПЕК елдері мұнай өндіру көлемін тәулігіне 1,8 млн баррельге дейін қысқарту туралы шешім қабылдаған. Бұл келісім 2017 жылдың басынан күшіне еніп, екі рет мерзімі ұзартылған еді. ОПЕК елдерінің Венада қабылдаған келісімінен кейін халықаралық сарап­шылардың пікірі де екіге де жарылды. Кейбірі бұл жағдай мұнай бағасының құлдырауына әсер етеді десе, екінші бір топ әлемдік мұнай нарығына бұл келісімнің айтарлықтай ықпалы болмайтынын айтуда. Сарапшылар өндірісті арттыру туралы шешімнің Таяу Шығыстағы жағдайды тағы да ушықтыруы мүмкін деген қауіптерін де жасырмайды.