ІТ саласының көші ілгерілейді

ІТ саласының көші ілгерілейді

ІТ саласының көші ілгерілейді
ашық дереккөзі
234
Елбасы биылғы Жолдауында сан салаға жаңа ақпараттық технологияларды енгізуді тапсырған болатын. Маңызды құжатта Мемлекет басшысы ІТ саласына ерекше ден қою керектігін атап өтті. Осы мақсатта «Нұр Отан» партиясы алдағы үш жылда республика бойынша 1000 ІТ сыныбын ашуды жоспарлап отыр. Соның 45-і Батыс Қазақстан облысының білім ошақтарында орналаспақ. Партияның ауқымды жобасы жуырда М.Өте­місов атындағы БҚМУ-де іске асты. Жаңаны үйренемін деушілерге есігін айқара ашқан ІТ сыныбында мұғалімдер біліктілігін жетілдіретін болады. Ал алдағы оқу жылынан бастап аймақта 15 ІТ сыныбы мектептерде ашылмақ. Оқыту түрлі бағыттар бойынша ұйымдастырылады. Жас жеткіншектер үшін бағдарламалау, робототехника, ЗД модельдеу курстары ұйымдастырылып, озық технологиялардың қыр-сырын меңгеруге басымдық берілмек. – Республика бойынша тегін 1000 IT сыныбы ашылғалы тұр. Онда 8 жастан 16 жасқа дейінгі 450 мыңнан астам бала оқиды. Бұл жобаға Батыс Қазақстан облысы да белсенді атсалыспақ. Биыл өңірде 15 IT сыныбы ашылады. Ал үш жылда олардың саны 45-ке жеткізу көзделуде, – деді «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Серік Сүлеймен.

Серіктес жаңалықтары