АЛТЫН ЖАМБЫ

Ертеңге еңсе тосқан заңғарлы ой иесі арманға асыл ой жүктейді. Уақыт ұтысынан күткені – «Жамбы», алтын жамбы. Зейнолла Серікқалидың сан ғасырлар сарабында сан желініп, жеңілмей келе жатқан жұртының ендігі еселенер табысына мейлінше айқын сенеді. Ұлтының арманшыл қалпына барымен әбден нанады. Ол осы арманын елімен бірге мына тезисіне әбден тамаша сендіреді: «Өйткені дәл жаңа мыңжылдықта адам шын мәнінде Адамға айналады». Жаратылыстың ең асыл жаратылысы – Адам. Жалған – мәңгі, дүние – шексіз, ғұмыр – қысқа. Жалғанды толық тануға түсу үшін, адам адамнан адамға айнала түспек. Серікқали адам осы мың жылдықта тағы да дамитынына әбден сендіреді, нандырады.

Уақыт уысынан сол үмітін ұстамақ. Ол: «Жер басып жүргеніңнің өзі – ырыздық», – дейді. Жалған мен әлем арасындағы арпалыс – ғұмыр мұраты. «Алтын жамбының» арқауы – рухани ырыздық. Ырыздық дәні мен нәрінде арман аңсауы, қалау-тілекте – бәрі бар. Уақыт уысынан талғам қалауын таппақ.

Зейнолла Серікқалидың көзі тірісінде жарық көрген кітабы – «Алтын жамбы». Мемлекеттік сыйлық алған асыл сөзі. Бұрынғы кітаптарында ерекше есімдерге үйір бола бермейтін. «Алтын жамбыда» басы – Бауыржан Момышұлы бастаған, Асқар Сүлейменов, Ләйлә Мұхтарқызы, Өзбекәлі Жәнібеков, Дидар Амантайұлы, Сейфолла Оспан, Мақсұтжан Әубәкіров есімдеріне арнайы мақалалар енген екен. Өзіне мәлім жай ма, әлде саулығына орай ма, жеті мақала – арналыпты ( «Ақындық пен Имандылық», «Құс – қанатымен», «Алтын жамбы», «Ізгілік нұры», «Тектілік», «Тума дарын», «Бекзаттық биігінен»).

«Бекзаттық биігінің» кейіпкері – Өзбекәлі Жә­нібеков еді. «Заманы бір асыл ағаның со- нау­­­­­­ рес­публика жастары ұйымын­­­ ­бас­қарған, кейінде мемлекеттік, мәр­­тебелі, әртүрлі жа-уапты қызметтер жүгін кө­терген ай тұғырлы кездерінде жұмыс ың­ғайы­на да қарай, әрқилы жүздесу, кездесу­лер­де салмақты баяндамалары мен парасатты сөз­дерінен де арман-мұратымыз үндесер жан-жылуын шет-жағалап сезіне жүріп, күн­дер­дің-күнінде, өзін бірыңғай өнер болашағы мүд­десіне бағыттаған, жазу үстеліне басыбайлы шегелеген ең берекелі жылдарында бұрынғыдан бетер жақынырақ, бауырлас-сырлас бола алғаныма шүкіршілік етемін. Көңілжықпас, көзбояушылықты кешірмейтін кескекті ер мінездері мен құлазыған сәттерін де көргенмін», – (132) дегеніндей, басымызды қосқан осы ардақты адам еді. Асты сызылғандай, қызметінің кезі шарапаты арқасында, «Лениншіл жас» газеті жанынан ашылған жастар бірлестігінде Зейнолла, Асқар үшеуміз ұшырастық.

Ол топта: Зейнолладан басқа Сағи Жиенбаев, Тұманбай Молдағалиев , Төлеужан Ысмайылов, Қадыр Мырзалиев, Қалихан Ысқақов, Жұмекен Нәжіметденов, Сайын Мұратбеков, Асқар Сүлейменов, Әкім Таразы, Қалдарбек Найманбаев, Оразбек Сәрсенбаев, Дүкенбай Досжанов, Мұхтар Мағауин, Рымғали Нұрғалиев, Өтежан Нұрғалиев, Сәкен Жүнісов, Төлен Әбдіков, Жүсіп Қыдыров, Қуандық Жүсіпов, Имашхан Байбатыр, Сағира Сәрікова т. б. Бастаған кезде басшымыз – Төлеужан Ысмайылов еді.

Алғашқы жиналысымыз өлеңге – өлең түріне, «өлеңнің жаңалығы», «ескілік пен жаңалық» төңірегінде өтті білем. «Он бір буын омыртқаң кетсін сынып» деген Төлеужан Ысмайылов турлы мақаласын жабыла мақтастық. Оған қоса Әуелбек Қоңыратбаевтың Жүсіп Қыдыров, Жұмекен Нәжімеденовтердің өлеңдерін қатты сынаған мақаласын да «ойсырата сынағанымыз рас». Сөз басы – Әбіш Кекілбаев сөзі. … Келесі отырыс Сайын Мұратбековтің «Бекеңнің құбылысы» әңгімесі ұзақ талданды. Қуандық Жүсіповтің «Бекең шаппа шотын қолына алды», Дүкенбай Досжановтың «Ана» поэмасы аса бір «әдемі» талқыланды.?! … Солай жалғаса берді. Ал­­­­­­парысқан әдемі тамаша таласулар!!! Жанталасып, барды салып, жаңалық үшін таласып, жылт еткенді көріп, соған ұмтылысып, ортаға салмайтын ештеңе жоқ. Қазақ әдебиетінің бар ауыртпалығын көтеріп алмақ – ақ ниет. «Жаңалық іздеп,… бәрін жаңартып жіберу ойда?! Кейде үлкендерге де соқтығысып қалатындар да сәттер болатын. Дұшпандық-араздық жоқ. Жастықтың алқысынан өзге ағаттық жоқ…Бұл шақтарды «Қазақ әдебиетінде»(өткен жыл соңында ма, осы жылдың басында ма) тамаша сипаттап жазған – Оразбек Сәрсенбаев еді. Ол өзі «1961» поэмасымен «тракторымен Кремльге жол тартқан». Өзінің «жаңашылдығы» еді. Небір сөздер тудырған..? Ниеті таза еді. Ол – құбылыс еді.?! Кемшіндерімен де жаңашыл жолға нұсқаға ымдады. … Сөккендер аз болған жоқ… Біз оны қостадық.

Шыңғыстың «Жәмиласы», Тахауи­ Ах­та­новтың «Дала дидары», Қалихан Ысқақовтың «Қоңыр күзі еді», Сырбай Мәуленовтің «Ақ түні» тәрізді дүниелер жаңа бір жарқын жарықты сәулелер елес берді, көрінді. Абай «Сегіз аяғынан» жаңа нышан тауып, екпінді толғаулардан да жаңа түзілістер көріне шалынды. Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі – бір жаңалықтың көрінісі ретінде қабылданды. Сәкен Сейфуллиннің өзінде бұрын бар, Маяковскийсіз-ақ «жаңа­шыл­дығы» бар, Ілияс Жансүгіровтің «Дала­сында» «жаңашылдық» бар деген т. б. жаңа­лықтар көбейе бастады. Бұл – жаңа леп жол ала бас­тады.

Осы топта айрықша сүйікті кітаптар; Эрнст Хемуингей, Анна Ахматова, Илья Эренбург, Борис Пастернак, Марина Светаева т.б. ақын-жазушылар шығармалары. Солардың кітаптарын сыйға тартысып, жолдас болысатын. … Зейнолла мен Асқардың достығы осыдан басталған. Зейнолла Асқарға Хемуингейдің үш кітабын әкеп сыйлаған. КазПИ-дің Совет көшесінің 34- ші жатақханасында Асқармен бірге тұратынбыз. Содан сыйластығымыз бас­талды. Оқудан соң мен елге кеттім. Екеуі Алматыда қалды. … 1971 жылы аспирантура жылы басталды. Достық жалғасты. Олар көз жұмғанша көз жазыспастық. Олар аса білімдар, қатар жүріп көп сырластық, мен соларға еріп жүріп бірқанша межеге жетіппін. Мен оларға көп қарыздармын. Мені әдебиетке бастап әкелген – Асқар. Жол басында «аса қазымыр» болды. Жазып берген мақаланы ең кемі үш қайтара жаздырады. Кемшілігіңді көрсе, жер-жепсіріңе жете, аямай сөгеді, … тілі тым үшкір. Кейде, жазудан бас тартсам, тағы да қоймай жаздырады. «Сен жазбасаң, кім жазушы еді…»… деп тағы бопсалайды. Ал, Зейнолла ондай мінез көрсетпейді, бірақ ұзын-сонар ақылды көп аямайды, аянбайды. Ол екеуі де ерте қызметке тұрды. Ол жағынан жолдары ерте ашылды. Қатарласа бастағанда бір достықта табысып өттік. Асқар оқыған кітап – тым көп. Ол жазбай қояды… «Жазуың керек ..?», – дейміз, … «дық» көрсетеміз… «Жаза беріңдер… Әбіш те солай дейді… Біреу оқу керек қой, … мен оқимын…», – дейді. Ал, Зейнолла оған «неге жазбадың ғой?» демейтін, «жазады ғой!», – дейтін.

… Семейден келгенде, алдымен Асқар үйінде кездесеміз. Асыл ана – Айтоты бауырында жолығамыз. Үшеумізге ортақ ана – Айтоты. Ол үйде ойынымыз қанбайды. Әнші де, күйші де, жазушы, ақындар сол үйде ұшырасады. Бақыт Әшімова, Төлеген Тоқбергенов, Генерал Асқаров, Сайлаубек Жұмабеков, Сағат Әшімбаев, Дулат Исабеков, Мұрат Әуезов, Сатыпалды Нарымбетов т. б. жақсы жандармен жүздесеміз. Солардың ортасында Зейнолламен бірге боламыз. Ал Зейнолла үйінде Оралхан Бөкеев, Қадыр Мырзалиев, Нұрлан Оразалин, Әкім Тарази т. б. белгілі елеулі адамдар да мол ұшырасатын.

Зейнолла досы Асқарға аса зор ынтықтық ық-пана болардай «Алтын жамбыда» ғажайып екі мақала жазып қалдырыпты. «Жаның шырқыратар шындық», « Тектілік» мақалалары – асқартану ілімінің арқауы. Ол арқаудың асыл нәрін мына сөздерінде, «асқарды ұқпаймыз?», « … Асқар талантты емес?» дегендерге де тамаша жауап болса керек; «Қазақ әдебиеті, мәдениетінің тек қазіргі жолайырық шағында ғана емес, келер ғасыр өзегінде, бұдан былайғы тарихи даму жолының қандай белеңінде де өзінің тұлғалық тектілігімен, парасат-байлығы, қаламгерлік шеберлігімен ұрпақ ырыздығына дәйім қызмет етер жазушылардың бірі – Асқар Сүлейменов. Бейнелеу бейнеті, сөз өнері қадірін сезіндіре, сыншылық тұңғыш толғаныстарынан бастап, сонау алпысыншы жылдары байырғы әдеби ұғым-ұлығат, дүнияуи көзқарастарды дағдылы қалыбын бұзған, дәстүрлі таным табиғатына жаңа бір тыныс дарытып, ұлттық рухи құндылықтар сұрыпталуының, біздің бүгінгі әңгімемізге біртабан жақындатыңқырап айтқанда, сол кездегі әдебиетшілер қатары сараналуының қайнар-бастауына айналған қаршадай жігіт «бейуақ» тосын көрінісіне бола түрлі-түсті, ақсақал-көксақал, түбіт иек тұрғыластырына дейін тұтасқан тосқауылдар тұңғиығына батырмай, күн нұрына маңдайын сүйдіріп, мәртебелі тұғырына қондырған да – ешкімнің алыс-берісі жоқ, ең алдымен оның өзінің жаратылыс-зеректігі, туған топырақ, халықтық даналық құнары мен зердесіне тоқыған ерекше білімі, шешендік тіл мәдениеті, бойы мен сойына біткен имандылық-тазалық, ойшылдық тереңдігі еді».

Зейнолла Серікқали зерттеушіліктің аса табанды әрі нәзік те өткір тәсілдерге аса бай сыншы әрі кешірімсіз сыншы. Өз зерттеу-сын еңбегінде айтқан ойларын қайталап, қайыра көмкеріп, бекітіп отырады. Бұл – оның аса жиі қолданып отырады. Мысалы, «Ал Асқарды түсінбейміз деп шынын айтатындар базынасы соншалық жаттанды, әбден бауырласқан тобырлық өнер сұранысымен ғана шектеліп, элитарлық мәдениет өресіне көтеріле қоймағандардың өз талғам-таным деңгейінен сырын шашқандығынан басқа түк емес».

Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Қан мен терімен» аралас жаңа сыншылар айрықша дүниеге келді. Асқар Сүлейменовтің «Елең-алаңдағы дүбірінен» соң-ақ, Зейнолла Серікқалиев сыншылдықтың өз арнасын әбден тапты. «Қан мен тердің» бар жолы мен жайын тұла бойына еніп, бар қырын сараптай келе қазақ әдебиетінің бар қырларына мүлде ден қойып бойлай бастады. Хамза Есімжанов «Ақ жайықтары» арқылы сынның сара бағытын тапты. Өз буыны ортасынан сыншылдықта сараланып, өзінің шын мәніндегі елден бөлек, биік сапа тапты. Әдебиетті бар кемшіндерден қорғаушы, жақсылықты жарқырата ашып, бар мен жақсыны сараптаушы, кемелдікке бет түзеді. Осы топтан қазақ әдебиеті ірі қайраткерінің бірі боп орын тепті. Ол қазақ әдебиетінің бар жанрының бірінде тамаша іздер қалдырды.

Оның сыншылдықта қалдырған асыл түйіні, өсиеті мынау болса керек: «Кез келген ақынға айтылып жүрген; әр шумақ жырынан белгілі бір сәттегі бүкіл болмыс-бітімің, көңіл-күйің аңғарылып, қабақ кірбіңің, жүздегі нұр, көкірегіңдегі от лаулап, жалындап жатса екен деген орынды талап енді тұп-тура сыншылардың өзіне де арналатын кез жетті… Дәлелсіз мадақ пен дәлелсіз жазғырудың өрісі тар. Ақтарылып отырып, жан дүниесін айқара жайып салып пікір айтқан адам – шын сырын бүкпесіз, қалтарыссыз шерткен адам. Адал көңілін, адал пікірін айтса – ол оның әдебиетті сүйгендіктен, айрықша бір жауапкершілікті сезініп айтқаны. Әділ айтса – ол шығарманы танығандығы. Сондықтан да біз оған сенеміз, қалтқысыз сенеміз. Ал оқушысын бұлай сендірген, баурап алып, қызуымен, жанымен орап алып сендірген сын, әрине, тегін сын болмаса керек. Сыншының айқын, берік тенденциясы, эстеткалық сезімінің жетістігі, көркемдікті тану, түйсіну қабылеті, білім-парасаты, мәдениеті, дүниеге, өмірге көзқарасы, рухани жан сұлулығы, ұстанымы, оты – бәрі-бәрі қаз-қатар тізіліп көрініп, жазушы сыншының шын мәніндегі туысқандық достығы, бауырластық бірлігі басталатын жер, міне осы болар». Қазақ сынында Зейнолла Серікқалидің сомдаған теоремалық анықтамасымен бірдей теориядағы ой түйіні. Жазушы мен сыншы және оқушының – үшеуінің ұштасуы .

Жүсіпбек Аймауытов бастаған қазақ сыны – Ахмет Байтұрсынов, Құдайберген Жұбанов, Райымжан Мәрсеков, Міржақып Дулатов, Ыдырыс Мұстамбаев, Мұхтар Әуезов, Бейсенбай Кенжебаев, Есмағамбет Ысмайылов, Хажым Жұмалиев, Мұхаметжан Қаратаев, жалғасында; Тұрсынбек Кәкішев, Раманхан Бердібаев, Серік Қирабаев, Айқын Нұрқатов, Баламер Сахариев жалғасында сынның жаңа буыны басын Зейнолла Серікқали бастады (Асқар Сүлейменов, Әбіш Кекілбаевтардың сын жолы өз алдына өзгеше еді). Ол бар қалам қайраткерлігін сынға арнаумен өмірден өтті.

Ол – өз кезінің сынның басы боп өтті. Оның бар сыны қазақ әдебиетінің проза (қара сөз), поэзия, драма, олардың барлық ( әңгіме, повесть, роман, роман-эпопея, өлең, поэма, дастан т. б. ) жанрларында бар сырлары мен тек-түбін бәрін қамтыды. Ол философиялық ауқымды сарапшы-сыншы болып өтті. Оның сыны қазіргі өліарада әдебиеттану кезеңінде аса тану, талғам кезеңінде таразы мысқалдық өлшем орнына жүрер тану өлшемі.

Зейнолла Серікқали кезеңінде қазақ әдебиетінде жаңа жарқын шығармалар мен есімдер, жаңа тұрпатты дүниелер өмірге келді.

***

­«Лениншіл жас» қасындағы жарқ ете­ ­қ­­­­а­л­­­­­­­ған ­топ – сан қырлы, сан сала­лы­­ жанр­лар­ қайраткерлері еді. … Кейін, осы­лар­дың­ ортасынан он алты Мемлекет сыйлығының ие­­гері шықты. Он алтының бірі – Зейнолла­ Се­рікқали.

(Мұқағали Мақатаев радиода қызмет істеп, елге қайтып кеткен еді. Фариза Оңғарсынова Ал­матыға келмеген кезі. … Кейін, жарқырап жай­нап жетті. Қазақ поэзиясында айрықша құ­бы­лыс болды. Ол әдебиеттануда «әйел, қыз!» ақындарды деген тіркесті жойып, «ақын!» дегенді мойындатқан ардақты ақын, қазақ ойының бір көрсеткіші, мінезі бөлек ақын ауласы-айдыны).

Асқар, Қуандық, Имашхан – төртеуміз КазПИ-дің студенттеріміз. Зейнолла КазГУ-де оқиды. Әбіш Кекілбаев «Лениншіл жастың» меңгерушісі. Жүсіп Қыдыров Әбішен бірге қызмет істейді. Отырыстар материалдарын жинақтап, жариялайтын. Кішіпейіл жан еді.

Сол сияқты, оның мейірінен жылу көрген жазушылардың шығармалары аз емес. Әбу Сәрсенбаевтың тұтас дүниесін де өз қолынан өткізді. Сол – «суық бала!» деген бала – осы Зейнолла еді. Ысқақ Мыңбаевтың «Халық календарын» да қоймай әзірлесіп шығарған да Зейнолла Серікқали болатын. Ол кезде ол «Қазақстан» баспасында. Менің бір, Семейден келе қалған кезім еді. «Елеулі, сирек шығарма, автормен жұмыс болды», – деп отыр екен.

Оның жастарға деген мейірі де ерекше. Жастарды орынсыз жаладан, артық ғайбаттардан қатты қорғайтын, аямай қатты сынайтын, асқан білімдарлықпен ор қаптыратын. Ол аса білімді, бар тарапты үлкен ұғымы, пайызшыл көзқарасты сарапты сыншылығы ғылым төркінінен білгір сөздері кімге болсын салмақты ауыр болатын. Оған оны оқып, білу үшін көп білім керек. Соған бір айғақ – «Уақыт және талғам» ( « Алтын жамбы», «Өнер», 2001, 6-34 б.). Мұндағы ұланғайыр еңбегіндегі жастар арасындағы ортаға жатымсыз қылықтар аса ащы сыналады. Бір кездегі «терминшілер?» ниеттеріндегі керауыз сөздеріндегі уытты астарларды өз сөздерінен ұстап, аямай жер қаптырады; « Таңдау-талғау, талғам дәрежесін, таным мәдениетін нобайлау үшін, оқушыдан ыңғайсыздана отыра, шабынып, қан-жыны тасып, буы бұрқыраған «сүбелі туындылардан» жол-жөнекей нақтылы бір үзінділер келтіре келмеске амалым жоқ. Сыншы … « О! О! О! ..» жазбаларынан; « Постмодернизм – әрине, өте сексуальды құбылыс. Бірақ, мұның алдындағы нақ сүйеріміз Соц. реализм – нағыз еркек еді ғой, шіркін. Оның сексуальдық тегеуріні – тоталитарный болатын! Көнбесең… зорлап жіберетін… Оның жанында біздің қазақстандық Постекең ( то бишь постодернизм!) – әншейін қызтеке сияқты ғана бірдеңе. Не еркек емес, не әйел емес… Транссексуал! Бірақ (кешіріңіз!) бай таңдайтын бізде не сықпыт бар?! Соның өзін елден бұрын иемденіп, некелесіп қойған бір пысықтар қалғандарымызды бұл қызықтан да қақты. Енді оларды атуға оғымыз жоқ – қызғаныш пен күйіктен жаппай … көгілдір тартып барамыз… (Білсеңіз, бұл не екенін),» немесе, «Қазақ әдебиеті» – өте сексуальный газет. Оған деген жеккөрініш, оған деген махаббат сол бір негізден – өрбіп жатыр. Бұл газеттің сексологы Әмірхан Меңдеке, саяси секс жөніндегі жетекші эксперті Аманхан Әлімге деген жаппай жеккөрушіліктің түп-тамыры да – сонда… «Қазақ әдебиетін» импотентн басылымдар, газеттер, белден қалған басылымдар, климакс қарсаңындағы кейбір саясаткерлер өте-мөте жек көрді. Бұл – таза жек көру. Оның аржағында ешқандай махаббат жоқ, құлазыған құыс қана бар. Секссіз жерде қайдағы махаббат? Және бұған әсіресексуальды (сверхсексуальный!) «Қазақ әдебиетінің» түк кінәсі жоқ… Құдай куә!» («Қазақ әдебиеті», 4 тамыз, 2000).

Бұл жазбалар қандай талғамға, қандай оқушыға, көшедегі қандай сұранысқа бағышталғаны өзінен-өзі түсінікті. Өзара міндет-парызын әділ бөлісіп, «сексуальный манияк» аталуы бір шаңырақ аясында бір-бірімен қалай ұжымдасып бауырласқан деңіз. Аталған газеттің өз қызметкерлері, әрине, өз қызметкерлері болғандықтан да «ең жанашыр», алабөтен өз авторлары өзді-өздерін қалай қорғалаудың аты-жөндеріне дейін әйгілеп, секспотологиялық мүмкіндіктері мен қызғаныш-күйік, мұң-зарын (жоғарыдағы – «қызықтан да қақты», «атарға оғымыз жоқ») қалай жарғылаудың бір орайлы сәтін дәл тапқан екен» («Алтын жамбы», 7-8 бетер).

Елге қадірлі, өзі сүйер «Қазақ әдебиеті» әуенінде орын алған оқыс оқиға Зейнолла Серікқалидың жанын қинайды. Өзі жақсы көрер жастардың ындынына шаба бастаған жат пейіл қылықтары ойын ушықтыра түседі. Олардың ауыздарынан шыққан оспадар, қасас, ыңғайым сөздері адалдықтың ақ көңілін кір еткен. Ел көңілін шер еткендей бейбастық тіркестер көңіл тітіреткендей еді. Ол қатты тітіреді, жаны таза жан сонша қиналды. Ортаға жайылып кетпеуден түңіледі.

Осы тұста «терминшілдердің» ас­тар­лы­ сылтауратқаны, яғни – Әмірхан Меңде­ке, Аманхан Әлім, Тұрсынжан Шапай, Қасым Аманжолдардың қия кеткен қияс мақалаларының Әуезхан Қодар, Әлия Бөпежанова, Дидар Амантай, Таласбек Әсемқұловтарды шет қақпай еткен қырбайлықтары пайда болды. Серікқалиға осы жағымсыз осы астарлы дүниелер қатты қиналтты. Орта, әдеби орта үшін мына сөздерін ашына жазды: « … Ау, қарағым, Қадым заман, Орта ғасыр, Жаңғыру дәуірлерін ойлап тапқан Әмірхан мен Аманхан емес, сол сияқты, олардан кейінгі кезең Модерн – Жаңа заман, Жаңашыл заманын да Әлия мен Әуезхан аспаннан сауып отырған жоқ. Халықаралық барша гуманитарлық ғылым-танымдар тоғысында айқындалған дәуір ат-ауы, Уақыт көрсеткіші.

Аманхан өзі қай кезеңде өмір сүріп жатқанын, қай ғасырдың, өзі тәрбиесін көрген қай реализмнің атынан сөйлеп отырғанын ұқпайды деп ойлаймын…

… Әлдебіреулер кімнің аузынан қандай сөз шыққаны тергізіп, босаға бақтырып қойғандай «шұқыма» жанр төрелігіне құлдық ұрғаны, жала жауып, іріткі салып, жүйкеңді жұқартқаны, әсіресе оқушыларды өрескел шатастырғананы т. т. демесеңіз, аспан айналып жерге түсердей, қара жамылтардай ештеңе жоқ. Бәрі бәз қалпында, пейіл түзелсе бәрі түбінде жөніне келеді. Тек үйреншікті надандық, талғамсыздық, мысықтілеу тоғышарлық, өтірік сөйлеп (әдейі бұрмалап) есесін түгендеп, жалған беделмен жан шақырар жанкештілік, екіжүзділік қана өз жаратылысын жария қылып жатыр. Оның солай көзге көріне алғанының өзі ғажап емес пе?! Өнер табиғатын түсінер, әділдікті ұғынар ортаң – рухани ортаң орнықты жағдайда қиянаттың қыл көпірі бәрібір күлдірей берері хақ».

Ол – Зейнолла Серікқалиев тәңір-тас – көктас тұлғалы болмыс иесі жан еді. «Өлсем, басыма «көктас » қоярсың дегендей», әдебиет пен мәдениет озығының басына қояр асыл ой ескерткіші – көктас болса керек..!

Оның әр кітабы – ұрпаққа сый – ес, ескерткіш. Олар: «Ойлар, толғаныстар», «Жылдар сазы», «Ақыл таразысы», «Ақ жол», «Дүниетану даналығы», «Сын кітабы», «Алтын жамбы», «Жандауа», «Таңдамалы»(Үш томдық). Бұлардың іші толы қазақ әдебиетінің небір қилы, сырлы, қия басқан кемшіндері, өрлеген өрісі бар. Бұларда, үлкендерді былай қойғанда, Тұманбай мен Қадыр, Еркін мен Мұқағали, Жұмекен мен Өтежан, Жарасқан мен Иранбек, Күләш пен Қанипа, Мұхтар мен Мейірхандай ақындардың бастаған жүздеген ақындар мен Әбіш, Мұхтар, Оразбек, Сайын, Қалихан, Оралхан, Дулат бастаған жазушылардың тамаша сырлары, тәтті әңгімелері бар. Сын қойнауындағы шығармалар шырайы Зейнолла Серікқали танымында өзгеше танылып, өзегін өзгеше өзек тоспақ.

Өзінің тумыс болмысымен жастайынан жарыққа ерте ұмтылған талант-дарын перзенті. Ол да қазақ ойына тағдыр берген – бір өлшем, өре. Әдебиетті, мәдениетті таным мысқалы болса, оның шығарма өресі сол мысқал таразы өлшемі.

Зейнолла Серікқалиев шығармаларынан ой иеленген Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, ­Ғабиден Мұстафин, Ілияс Есенберлин бастаған жазушылардың бар дүниесі өз алдына сала-сала сарапталған еңбектері жеткілікті. Ал асыл ортада айрықша биікке бастар биігі, ұмтыла берер нысанасы, әдебиеттің де өрлер өріс, өре де – Мұхтар Әуезов. Зейнолла Серікқалидың өлшем биігі – мына асыл сөзі:

«Табиғат жанартауы тасына қарай танылады. Ерте ме, кеш пе – сөнеді. Сөнген жанартаудың планета бедерінде ізі қалады, тарихта таңбасы қалады. Ол заманғы бұрқырап тұрған дүлей күшін, құдырет-қуатын көзбен емес, көңілмен ғана көресің. Ол – бәрібір енді тас мүсін… М. Әуезовтің көркемсөзі, құдыреті – көкірегіңде. Жанартау!… Ол тек бұл ғұмырда бір-ақ рет атылып, жалынын мәңгілік жағып кететін жанартау. Ұлы жазушының жүрегі ғана сөнеді. Ол жүрегінің нұрын, жүрегіңнің шырағын мың-миллион жүрекке жағып кетті. Табиғат дүлейі мен адам алыбының айырмасы осы ғана!», – деген асыл сөзді айтқан – Зейнолла Серікқали. Ұлы заңғардың адам санасы мен жүрегіне жазып кеткен ғажайып ойлары мен ықпалы туралы ел айтпаған сөз шығар десек те, ал Зейнолла Серікқалидің әлгі аса танымды ғылыми философия ой түйіні, қазақ танымында тамаша, айбынды, айбарлы сөз, асқаралы сөз.

Төкен ИБРАГИМОВ

Редакция таңдауы

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...
темекі

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте...
Моңғолия

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады...
Наурыз мейрамы

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға...

Жаңалықтар

Елімізде темекі бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрі 2024 жылға дейін темекі бағасын кезең-кезеңмен көтеру жоспарын жариялады. Мәжілісте ЕАЭО-ға мүше елдердің темекі өнімдеріне акциздер саласында салық саясатын жүргізу қағидаттары туралы...

Моңғолия 1 мамырдан бастап шекарасын ашады

Бүгін Моңғолияның министрлер кабинеті 1 мамырдан бастап шекараны ашу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. Мемлекеттік төтенше комиссия басшысы С.Амарсайханның айтуынша, премьер Л.Оюун-Эрдэнэ өткен...

Этнограф Болат Бопайұлы «Мәдениет саласының үздігі» атанды

Бүгін «Отандастар қоры» және Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының ұйымдастыруымен белгілі жазушы, этнограф Болат Бопайұлының салт-дәстүрі туралы 10 кітабының таныстырылымы өтті. Салтанатты жиынға жазушы, түрколог-ғалым Тұрсынхан Зәкенұлы,...

Денсаулық сақтау министрлігі үндеу жасады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын тек отбасымен тойлауға және үлкен мерекелер өткізбеуге кеңес берді. «Үлкен мерекелік іс-шаралар өткізбей, Наурыз мейрамын отбасымен...

Әзірбайжан Арменияның қанша азаматын тұтқында ұстап отырғаны белгілі болды

Арменияның диаспора істері жөніндегі бас комиссары Заре Синанян РИА Новостиге берген сұхбатында Әзірбайжанның өз аумағында жүзден астам армян азаматын әлі де тұтқында ұстап отырғанын...

Биыл 1-сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігі. Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл – білім беру...

Нұр-Сұлтанда тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті

Елорданың сол жағалауында тұрақта тұрған көлік өртеніп кетті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. «Бүгін сағат 15:50-де Нұр-Сұлтан қалалық төтенше жағдайлар департаментінің құрамында...

Курьер жігіт 12-қабаттан құлаған сәбиді қағып алды (видео)

Курьер болып жұмыс істейтін вьетнамдық жігіт 12-қабаттан құлаған бүлдіршінді қағып алды, деп хабарлайды Daily Mail.  Нгуен Нгок Ман 12-қабаттың терезесінен құлап кеткен екі жасар бүлдіршіннің...

Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті мерейтойымен құттықтады

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жас мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.  Құттықтауда КСРО Тұңғыш президентінің...

Саша Барон Коэн Қазақстанға келуге ниетті

Сценарист және актер Саша Барон Коэн өзінің ойдан шығарылған кейіпкері — Бораттың отаны Қазақстанға келуге дайын екенін мойындады. Бұл туралы ол "Известия" басылымына берген...

Бішкекте «Астана» халықаралық қаржы орталығының филиалы ашылуы мүмкін

Қырғызстан Президентінің елімізге жасаған мемлекеттік сапарының соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров «Астана» халықаралық қаржы орталығын аралап көрді, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. Мемлекет басшылары...

Қазақстан Қырғызстанға әскери-техникалық көмек көрсетеді

Қазақстан мен Қырғызстан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Қырғызстан...

Жомарт Ертаев тағы да 9 жылға сотталды

Алматыда «Bank RBK», «Qazaq Banki» және «Eurasian Bank» банктерінен 188 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқыру ісі бойынша сот үкімі шықты. ҚазАқпараттың хабарлауынша, айыптылардың қатарында экс-банкир...

Кардиолог инфаркт алу қаупін азайтатын үш жаттығуды атады

Кардиолог және жүрек-тамыр хирургі Владимир Хорошев инфаркт қаупін азайту үшін үш жаттығуды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Маман бірінші кезекте көбірек жаяу жүруге кеңес берді:...

Алматы облысында мас жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті

Алматы облысында мас көлік жүргізуші 4 оқушыны қағып кетті. Әртүрлі дене жарақаттарын алған үш бала ауруханаға жатқызылды. «Оқиға 2 наурызда сағат 18:40-та Еңбекшіқазақ ауданында болған....

Илон Маск өз қаласын салуға кірісті

Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск Техаста жаңа қала құрылысын қолға алды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. "Мен Техаста...

Айға саяхат: жапон кәсіпкері бұл сапарға 8 адамды таңдап алмақ

Жапон кәсіпкері Юсаку Маэдзава сәрсенбі күні «өзін әртіс деп есептейтін» қоғамның 8 өкілін 2023 жылы Ай орбитасына алып кететінін мәлімдеді. Бұл – SpaceX фирмасы...

Алматыда Роза Бағлановаға ескерткіш қойылады

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының хабарлауынша, Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігі мен Байсейітова көшесінің шығыс жағында Роза Бағланованың құрметіне ескерткіш орнатылады. «12 наурызға дейін Роза...

COVID-19: елімізде ПТР тест бағасы арзандап жатыр

Қазақстанның клиникалық-диагностикалық зертханаларымен жасалған монополияға қарсы іс-шаратшеңберінде КВИ ПТР бағасы арзандап жатыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, 2021 жылғы 1 наурызда КДЗ ОЛИМП COVID-19...

Семейде жер үйден өрт шығып, 2 адам қаза тапты

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 3 наурыз сағат 05:00 шамасында Белибаев көшесіндегі жеке тұрғын үй отқа оранған. Оқиға орнына шұғыл келіп жеткен өрт сөндірушілер...

Нұр-Сұлтанда қашықтан оқыған оқушылар коронавирусты көбірек жұқтырған

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елорда мектептеріндегі коронавирус статистикасы туралы айтты. «2021 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша, оқу жылының басынан бері мектеп...

3 наурыз: атаулы күндер мен тарихи оқиғалар

2018 жылы 3 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болуының 26 жылдығы аясында БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстанның Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қол қою...

Екібастұзда жолаушылар вагонынан өрт шықты

Екібастұзда жолаушылар вагонының темірден өзге бөлшектерінің барлығы жанып кетті. Әзірге өрт салдарынан келген шығынның мөлшері белгісіз. «2 наурыз күні сағат 13:04-те нөмірі 2-ші мамандандырылған өртке...

Өткен тәулікте елімізде 717 адам коронавирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 717 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлайды coronavirus2020.kz. Аймақ бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 68, Алматы қаласы - 105, Шымкент қаласы - 12,...

Сарыағашта халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды. Былтыр мал ұрлаған азамат осы күнге дейін жасырынып жүрген. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті «Мал ұрысы»...

«Алматы жастарына» 10 наурыздан бастап өтінім қабылданады

Оңтүстік шаһардағы жастардың тұрғын үй проблемасын шешетін «Алматы жастары» бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау 10 наурыздан басталады. Бұл туралы «Отбасы банкі» әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. «Алматы...

3 наурызға арналған ауа райы болжамы – Қазгидромет

Қазгидромет 3 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады. Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы болып, қар мен жаңбыр жауып, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын,...

Ресейдегі Әлихан Бөкейханов зиратына гүл шоқтары қойылды

 1 наурызда еліміз Алғыс айту күнін атап өтті. Мереке идеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі және Қазақстанда тұратын барлық этностар бір-біріне және...

Әлемдегі барлық миллиардерлердің саны анықталды

Hurun Research Institute зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі миллиардерлердің саны 3228-ге жеткен. Зерттеушілердің сөзінше, бұл — рекордты көрсеткіш.  15 қаңтардағы жағдай бойынша планетадағы ең бай адамдардың жиынтық...

Қытай 15 жылда елімізге 19,2 миллиард доллар инвестиция құйған

2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард доллар болған. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты,...

Аязда үсіп өлген 5 жасар бала қайтыс болар алдында зорланған

Ресейдің Саратов облысының Вольск қаласында көшеде өлі күйінде табылған бес жасар бала қайтыс болғанға дейін зорланған. Бұл туралы Life Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru...

Елбасы Қырғызстан басшысымен кездесті

Келіссөз басталар алдында Елбасы мен Қырғыз Республикасының Президенті Назарбаев орталығындағы экспозицияларды аралап көрді, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Садыр Жапаровты Қырғызстан Президенті болып...

Байқоңырдан Ресейдің құпия құрылғылары ұрланды

Белгісіз біреулер Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің құпия электроникасын ұрлап кеткен. Бұл туралы  "112" Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Арнаның мәліметінше, 1988 жылы "Буран" ғарыш кемесімен...

Психолог 8 наурызда аруларға сыйланатын ең сәтсіз сыйлықтарды атады

Психология ғылымдарының кандидаты Юлия Кочетова 8 наурызда әйелдерге cыйланатын ең сәтсіз сыйлықтардың тізімін жасады, деп хабарлайды "Москва" жаңалықтар агенттігі.  Маманның айтуынша, ең жауыр болған сыйлық...

Балалар құқығын қорғау туралы заң: 3 кодекске 35 түзету енгізілмек

Құжатты саралайтын жаңа жұмыс тобының құрамында 65 адам бар. Парламент мәжілісінің депутаты Динара Закиева қоғамда қызу талқыға түскен балалар құқығын қорғау бойынша заңнамалық актілерге...

Белгісіз коллекционер Черчилльдің суретін рекордтық бағаға сатып алды

Анджелина Джоли Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль салған "Кутубия мешітінің мұнарасы" картинасын рекордтық бағаға сатты. Белгісіз коллекционер картина үшін 8,2 миллион фунт стерлинг төлеген,...

Зеленский үндістандық вакцинаны салдырды

Украина президенті Владимир Зеленский Донбассқа сапары кезінде коронавирусқа қарсы вакцина алды. Вакцинация Үндістанда өндірілген Covishield препаратымен жүргізілді, деп хабарлайды korrespondent.net. Президент Жоғары бас қолбасшы ретінде вакцинаны...

Головкин vs Мунгия: Жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды

Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы (әлі IBO титулына ие) титулын мексикалық боксшы Хайме Мунгияға (36-0, 29 КО)...

Ата-анасы жұмысқа кеткен: өрттен 5 жасар бала қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты. Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. ТЖД өкілдері бала Аққайың ауданы Новороссийск ауылында қаза...

“Ұлытау” тобы АҚШ-та өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті

Қазақстандық "Ұлытау" этно-рок тобы Лос-Анджелесте өткен халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды, оған әлемнің 83 елінен қатысушылар келген. Бұл туралы Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде топ...

Дәрігерлер карантиндік шектеулерді күшейтуді талап етті

Бразилиялық дәрігер ел билігінен коронавирусқа қарсы шектеу шараларын күшейтуді талап етті, деп хабарлайды РИА Новости.  Ел ауруханаларында орын жоқ, науқастар ем алу үшін кезек күтуге...

Биыл магистранттар шетелде тәжірибеден өте ала ма?

Бүгінде қазақстандық магистранттар COVID-19 пандемиясына байланысты шетелде тағылымдамадан өте алмай отыр. Әлемде және Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайса, магистранттарды шетелге тағылымдамаға жіберу мәселесі қаралады....

Ақтөбе қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Президент әкімшілігінің​ келісімімен өңір басшысының өкімімен​ Ақтөбе облысы​ әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ермек Кенжеханұлы...

ТЖМ Алматы тұрғындарына үндеу жасады

Сел ұстайтын бөгеттер құрылысына байланысты Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу енгізіледі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. «Қар мен ылғал қорының жиналуы...

Жасөспірімдерді тәртіпке шақырмақ болған алматылық полицей құрылысы бітпеген үйден құлап кетті

Алматыда полиция қызметкері қараусыз қалған құрылыс нысанынан құлап, жарақат алды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алатау ауданының ювеналды полиция қызметкері құрылысы бітпеген көпқабатты үйдің төбесіне...

Аралас оқу форматы: Оқушылар мектеп формасын киюге міндеттеле ме?

Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ.  Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.  «Оқушының ауырып қалуы немесе науқас...

Жамбыл облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бейқұт Жамангозов тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Бейқұт Тілебалдыұлы 1969...

2 наурыз еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалармен есте қалды?

2 наурыз күні әр жылдары еліміздің тарихында бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасы...

Горбачев өмір сүру ұзақтығы жөнінен кеңестік көшбасшылар арасында рекорд орнатты

КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев кеңестік көшбасшылар арасында өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы Кремль пулының журналисі Дмитрий Смирнов өзінің "№3 пул"...

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді

Ақорда резиденциясында Қырғыз Президенті Садыр Жапаровты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы Қазақстан мен Қырғызстан...

Жастарға ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға гранттар берілмек

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіптік кешенді қолдау іс-шараларының бірыңғай электрондық ресурсы құрылады. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында салалық мемлекеттік қолдау...

Еліміздегі сұранысқа ие әлеуметтік желілердің тізімі жарияланды

Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желілер белгілі болды, – деп жазды Ranking.kz. Statcounter Global Stats мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі Facebook атанды,...

Мәулен Әшімбаев: Ұлтқа адал еңбек етудің озық үлгісін көрсеткен текті азамат

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, академик, техника ғылымдарының докторы Өмірбек Жолдасбеков туралы фейсбуктегі парағында өз пікірін жазды. Онда...

Президент жанындағы ҚСЗИ-да Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы тағайындалды

2021 жылдың 1 наурызында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова ұжымға ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жаңа басшысын...

29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды

1992 жылдың 2 наурызы Қазақстан тәуелсіздігін дүниежүзілік қоғамдастық мойындаған ел тарихындағы маңызды оқиғаға толы күн. 29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына 168-ші мүше-мемлекет...

Қырғызстан Президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Алдағы бес жылда ауыл халқына 250 млрд теңгенің несиесі беріледі

2025 жылға дейін 50 мың микрокредит беру көзделген. Былтыр ауылға берілген шағын несиелер есебінен 11 мың жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  Үкімет отырысында агроөнеркәсіп...

Павлодарда пара алды деген күдікпен ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметтегі «қамқорлығы» үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алды деген күдікпен «ҚТЖ ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысын ұстады. Ол...

Жапонияда коронавирустың британдық штамы тарап жатыр

Жапонияның батысындағы Кобе қаласының билігі бұл аймақта вирус жұқтырғандардың арасында коронавирустың жаңа британдық штамын жұқтырғандар саны көбейгенін хабарлады. ҚазАқпараттың NHK телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, ақпанның...

«Дарындылар пулы»: электронды үкіметтің кадр резервіне өтінім қабылдау басталды

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының «Дарындылар пулына» өтінім қабылдау басталды.  Корпорацияның кадр резервіне өтініш бергісі келетін үміткерлерге talent.gov4c.kz сайтында тіркеуден өту қажет. Өтінім беру кезінде жүйеде...

Сауд Арабиясы вакцина салдырған келушілерді ғана қажылыққа қабылдайды

Мұсылман қажылары жаңа коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін ғана Мекке мен Мединедегі қасиетті орындарға үлкен және кіші қажылыққа бара алады. Мұндай шешімді Сауд Арабиясы билігі...

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 214 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 658 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 65 Алматы қаласы - 102 Шымкент қаласы - 17 Ақмола облысы -...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

2 наурыз күні солтүстік-батыс циклонымен байланысқан атмосфералық ауа ағыны әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі...

21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері Желіде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Сyber News сайтына сілтеме жасап. Танымал хакерлік форумның...

Францияның экс-президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде бір жыл нақты қамауда болады. Сот оны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп тапты.

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің...

БҒМ 1 наурыздан бастап мектептерде сабақ қалай өтетінін түсіндірді

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1 наурыздан бастап мектептердегі рұқсат етілген аралас форматта оқыту барысын түсіндірді. Вице-министр Facebook-тегі парақшасында 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының...

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш қойылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында бұл ескерткіш медицина қызметкерлеріне деген алғыстың символына айналатынын атап өтті. «Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған...

Пандемия: кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді және кейбір төлемдер алынып тасталды. Пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жаңа бөлшек салықтың арнаулы салық режимі...

Түркістан өңірінде 100-ге жуық белсенді «Nur Otan» партиясы қатарына қабылданды

Бүгін Түркістанда 1 наурыз – Партия күніне орай, бірқатар азаматты «Nur Otan» партиясына қабылдау іс-шарасы өтті. Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен...

Алматыда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Әлеуметтік желіде Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Видео кадрларынан төбелестің балалар ойын алаңында болғанын байқауға болады....

Наурыз айында күн райы қандай болады?

Еліміздің көптеген аймақтарында күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы мәлімдеді.  Консультативтік болжамға сәйкес 2021 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының басым бөлігінде циклондардың өтуімен және...

Таразда Алғыс айту күніне орай 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Алғыс айту күніне орай былтыр ғана облыс орталығында бой көтерген «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің маңында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Онда қалалық зиялы қауым өкілдері,...

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған отбасыға баспана берілді

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына жаңа баспана берілді. Oқиға биыл 18 ақпанында облыс орталығындағы Әл-Фараби мөлтек ауданында орын алды. Оқиға орнына шұғыл жеткен...

Алматыда КамАЗ көлігі жер астына түсіп кетті

Алматыда КамАЗ жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Оқиғаның видеосын куәгерлер таратты, ал дәрігерлер көлік жүргізушісі жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желілерде...

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ. Адамға алғыс айтқанымыз – Аллаға шүкір еткеніміз

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Аллаға мадақ, пайғамбарға салауаттар болсын! Елімізде шуақты көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесімен басталады. Баршаңызды бірлік пен мейірімге...

Асқар Мамин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті

Премьер-Министр Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, – деп хабарлады primeminister. Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының...

«Nur Otan» партиясының жанынан 9 жаңа қоғамдық кеңес құрылады

Осылайша, олардың жалпы саны 14-ке жетті, – деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. «Nur Otan» партиясының Лидері, Елбасы Н.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»...

Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жасыбаев Ержан Бәкірбайұлы Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев 1965 жылы...

Белгілі әнші Индира Еділбаева «Nur Otan» партиясын таңдады

«Nur Otan»-ның құрылғанына 22 жыл толуына орай, партияның Алматы қалалық филиалы белсенді және жігерлі алматылықтармен толықты. Партияның жаңа өкілдері қатарында денсаулық сақтау, мәдениет және...

Әуе компанияларының табысы 41% азайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе компанияларының жылдық табысы 41% төмендегенін, ал жолаушылар тасымалы қызметі 6 пайызға арзандағанын хабарлады. Биыл қаңтарда еліміздің әуе компанияларының кірісі...

Белгілі журналистің еміне қаржы жиналуда

Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді. Шараның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға көпшіліктің атсалысуымен қолұшын созу, мейірімділікті, қайырымдылықты насихаттау, қайырымды жандарға алғыс...

Атырау дәрігерлері Алғыс айту күніне орай челлендж бастады

«Мерекелік шараға өңірдегі 35 медициналық ұйымның қызметкерлері қатысты»,-деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. «Туған елге мың алғыс!» челленджі өңірде бір апта бұрын...

Дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жетеді – министр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жететінін айтты. Ведомство басшысы Президенттің биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын...

Әлем тұрғындарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екені анықталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан Жер бетіндегі тұрғындардың қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.  Ұйым...

Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі Қазақстан имиджі

Ақпарат кеңістігінде мемлекеттің имиджі мен медиаобразын жасау – дамушы елдердің алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі. Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде дүние жүзінің алпауыт...

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Осы көктемде 13 500-ден астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші ел Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады. Қорғаныс ведомствосы...

ҚазҰУ ректоры француз ғалымдарына бірлескен археологиялық зерттеулер жасауды ұсынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейт Түймебаев Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дидье Канеспен кездесіп, ғылым-білім  және мәдени бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты тереңдету...

Ресейдің ең бай депутаты қамауға алынды

Ресейдің Сахалин облыстық Думасының миллиардер депутаты Дмитрий Пашов қамауға алынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Сот оған екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану...

«Борат 2» ең үздік комедия ретінде «Алтын глобус» лауреаты атанды

Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте кино және теледидар саласындағы "Алтын глобус" сыйлығының 78-ші марапаттау рәсімі өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты марапаттау тарихта алғаш рет виртуалды форматта өтті.  Ең...

Түркістандағы қайғылы оқиғаға қатысты алғашқы мәліметтер жарияланды

Түркістан қаласында орын алған қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін құзырлы органдардан құрылған топ болған жайтты жан-жақты тексеріп жатыр. Орын алған оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысатын...

15 жыл бойы қос азаматтығын жасырып келген павлодарлық жазаланды

Қос азаматтығын жасырып келген Павлодар облысы Железинка ауданының тұрғыны айыппұл арқалады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Аудандық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Железинка аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің...

Бұл – қазақ халқының шексіз дархандығының жарқын үлгісі.

Джамалайл ЭЛИМХАНОВ, «Емир-Ойл» ЖШС басқарма басшысы: Қазақстан Тәуелсіздік алған сәттен бастап Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев әрбір азаматтың өз Отанында қауіпсіз және жарқын өмір сүруі үшін және...

COVID-19: Елорда «сары» аймаққа енді

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 1 наурызы күнгі қазақстан амақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрициасын жариялады. Бұл туралы...

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды. Партияның құрылуы мен қалыптасу тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан...

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік...

Алматы түрмесінен қашқан сотталушы Ақтөбеде ұсталды

Алматыдағы бас бостандығынан айыру орындарының бірінен қашып шыққан адам Ақтөбеде қолға түсті, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. «Алматы...

«Nur Otan» қатары жаңа мүшелермен толықты

Партияның 22 жылдық мерейтойы қарсаңында «Nur Otan» облыстық филиалында салтанатты түрде партия билеттері табыс етілді. Партияның аймақтық филиалының төрағасы, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов партия...

«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Бүгіннен бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2021» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Сыйлыққа 2020 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және...

Америкалық телеарна Трамптың саяси жоспарларын ашты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елде жаңа партия құру мүмкіндігін қарастырмайтынын жариялайды. Оның саяси жоспарларын американдық Fox News телеарнасы ашты. "Біз жаңа партиялар құрмаймыз және...