ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ

ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ

ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ
ашық дереккөзі

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты, ҚР терапевтері және кардиологтары қауымдастығы ұйымдастырған бұл форумның мақсаты – ішкі ағза ауруларының алдын алу, олардың әсерінен болатын өлім-жітімді азайту.

Үш күнге созылған бұл жиынға Кардиологтардың Еуропалық одағының консулы Ф.Косентино, Кардиологтардың Еуропалық одағының айрықша тапсырмалар жөніндегі қызметкері М.Вийгимаа, Кардиологтардың Түрік қоғамының бұрынғы президенті О.Эрген, ресейлік терапевтердің ғылыми-медициналық қоғамының вице-президенті Г. Арутюнов және де алыс-жақын шетелдің жетекші ғалымдары келді. Сондай-ақ еліміздің барлық аймағынан 500-ге тарта делегат пен денсаулық сақтау басшылары, терапевтері мен кардиологтары қатысты. Таңғы сағат тоғыздан, кешкі беске дейін жалғасқан шарада шетелдік ғалымдар кардиология, интервенциялық кардиология, ревматология, гастроэнтерология, пульмонология, аллергология, нефрология, эндокринология турасында шеберлік сыныптарын өткізді. Солардың бірі – ресейлік маман И.Фомин. Ол «Созылмалы жүректің жетімсіздігі» ауруы, оның алдын алу және емделу жолдары» тақырыбына дәріс оқыды. Оның айтуынша, бұл дертке негізінен 65-70 жастан асқан қарттарда жиі кездеседі екен. Науқастардың денін әйел адамдары құрайды. Әр түрлі жүрек ауруларының асқынуларынан пайда болатын бұл дерт, ұзақ емделуді талап етеді. Тіпті өмір бойы болуы да әбден ықтимал. Осы тақырыпқа баяндама жасаған тағы бір ресейлік маман А.Окороков аурудың белгілерін көрсете келе, диагностикалық емдеу құрал-жабдықтары арқылы шипа іздеуді, тіпті оның алдын алу шараларына дейін айтып өтті.

Бұл шарадан отандық және шетелдік ғалымдар кардиология және терапия саласындағы қазіргі заманғы мәліметтерді баяндайтын ғылыми шара да тыс қалмады. Остеопороз және остеомиелит ауруларын емдейтін дәрігер – Майра Сапарбаева сүйек майының қабынуынан пайда болатын бұл дерттің еңбектеген  баладан, еңкейген қартқа дейін кездесетінін айтты: «Ана сүтін ембеу, кальцийдің жетіспеушілігі, күн сәулесінің жетіспеушілігі аталмыш аурудың алғы шарты болып табылады. Сондықтан о бастан денсаулыққа бей-жай қарамауымыз керек».

Сондай-ақ жиын барысында дәрі-дәрмек құралдарының, диагностикалық емдеу құрал-жабдықтарының, заманауи ақпараттық технологиялардың және мамандандырылған медициналық басылымдардың көрмесі де өтті.

Айнур Сләмғажы,

ҚазҰУ-дың 3-курс студенті