ЖАПОНИЯДА ЖАРЫҚ КӨРДІ

ЖАПОНИЯДА ЖАРЫҚ КӨРДІ

ЖАПОНИЯДА ЖАРЫҚ КӨРДІ
ашық дереккөзі

Бұл басылымға аудармашы, Жапонияның халықаралық «Канвас» ұйымының кеңесшісі, Еуразия ғалымдары мен жазушылар одағының мүшесі Шарафат Жылқыбаеваның «Нихоңго то чуиоуаджиа казафусутани окэру кокуготайсаку (Жапон тілі және Орта Азия —Қазақстандағы мемлекеттік тіл саясаты) деген тақырыптағы мақаласы енді. Мақалада қазақ тілінің тарихи маңыздылығы жапон тілімен байланыстырыла зерделеніп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселелері талданады. «Әрине, Жапониядағы жапон тілі мен Қазақстандағы қазақ тілінің жағдайын салыстыруға болмайды. Халқының 98 пайызын жапондар құрайтын Күншығыс елінде мемлекеттік тілде сөйлей алмайтын жапондарды таппайсыз. Ал Қазақстанда ана тілін білмейтін азаматтардың болуы Кеңес Үкіметі кезінде қазақ тіліне мемлекеттік тіл статусы берілмегендіктен» деп жазады автор жапон тіліндегі бұл мақаласында. «1991 жылы Қазақстан егемендігін алған кезден бастап қазақ тілінің қажеттілігі мен маңыздылығы артты. Бүгінде балаларын тек қазақша тәрбиелеп, қазақ тіліндегі балабақшалар мен мектептерге беруге мүдделі азаматтардың саны көбеюде» деген ғалым қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуде ауқымды істер атқарылып жатқандығына тоқталған. Қазақстанда мемлекеттік тіл дәрежесін көтеруде әсіресе ел басшылары, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ –тың зор үлес қосқандығын жазған. Жапон тілінің тарихына бойлаған зерттеуші қилы тағдырды бастан өткерген қазақ тілінің кешегісі мен бүгініне баға бере отырып, болашағына қатысты пікірлерін білдірген. Латын әліпбиіне көшудің өзектілігіне тоқтала келе, мақаласын «Дүниежүзінде ағылшын тілінің үстемдігі артса да Орта Азия мемлекеттері, оның ішінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілдің мәртебесін қашанда биік қояды» деп тұжырымдайды Шарафат Жылқы