«АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ» ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ» ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«АЛТЫН ЖҰЛДЫЗ» ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ
ашық дереккөзі

«Алтын Жұлдыз»
жүлдесін Журналистика академиясы отандық журналистика саласына елеулі үлес
қосқан газеттер мен журналдар, радио және телеарналар редакцияларының
шығармашылық ұжымдарына, баспа мекемелеріне, сондай-ақ елдің журналистік
корпусының көрнекті өкілдеріне тапсырылды.

Кейінгі жылдары жүлдені Академия
делегациясы елдің өзге де аймақтарында, Қазақстан Баспасөз клубы жыл сайын
өткізетін Медиақұрылтайда, сондай-ақ ел журналистерінің кәсіби мерекесі
қарсаңында табыстауды дәстүрге айналдыруда. Биылғы жылы Алматыда Қазақстан
журналистер академиясының «Алтын жұлдыз» жоғары жалпыұлттық журналистика
сыйлығының кезекті марапаттау рәсімі Қазақстан Баспасөз клубында өтті. 2013
жылғы «Алтын жұлдыз» сыйлығын Өскемен қаласында шығатын «Рудный Алтай» аймақтық
газеті және Алматыдағы КТК телеарнасының тележурналисі Артур Платонов пен
«Атамұра» корпорациясының шығармашылық ұжымы иеленді. «Атамұра» корпорациясы
«үздік шығармашылық топ» ретінде марапатталды. «Бүгінгі жасалып жатқан мәдени
шаралардың барлығы Баспасөз күніне орай ұйымдастырылып отыр. Қазақта: «Күш
– білімде, білім – кітапта, мұхит басы – бұлақ, білім басы – кітап» деген сөз
бар. Әріптестеріміз біздің еңбектерімізді ескеріп, марапаттап жатыр. Біз өз
деңгейімізде атымызға сай қызмет етеміз», – дейді «Атамұра» корпорациясының
президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Рахымғали Құл-Мұхаммед. «Алтын жұлдыз»
сыйлығының иегерлерін академияның 46 мүшесі дауыс беру арқылы анықтапты.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар БАҚ өкілдері
анықталған осы салтанатты жиында Қазақстан журналистер академиясының президенті
Сағымбай Қозыбаевтың үш кітабының тұсауы кесілді.

Әсел ӘНУАРБЕК