ӨНЕГЕЛІ ӨМІР ИЕСІ

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР ИЕСІ

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР ИЕСІ
ашық дереккөзі

Мерейтой иесінің «Тұлғаларға тағзым», «Менеджмент», «Экономикадағы ғылыми зерттеудің әдістері», «Қазақстанда жоғарғы білім реформасы» тәрізді бір топ кітаптары мен ғалым жайында «Алматы и алматинцы», «Алаш азаматы», «Казахстанская правда» басылымдарына жарияланған материялдар арнайы сөрелерден орын алып, жиынға келген қонақтардың назарына ұсынылды.

Бүгінге дейін оның 300-ге жуық ғылыми жұмыстары және 30-ға тарта кітаптары мен оқу құралдары жарық көрген.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалым Мұтановтың кіріспесінен кейін арнайы келген жиын қонақтары ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының президенті Мұрат Жұрынов, экономика  ғылымдарының докторы, академик Кенжеғали Сағадиев, заң ғылымдарының докторы академик Сұлтан Сартаев, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынбек Кәкішев, Биология ғылымдарының докторы, академик Майя Шиғаева, сондай-ақ, кеш иесінің әріптестері, достары және шәкірттері жиында сөз сөйлеп, Көпжасар Нәрібаевтің өмірі мен шығармашылығы, өн бойындағы адамгершілік қасиеттері жайында бірталай сыр шертті. Сонымен бірге, шара барысында 1991 жылдан бастап ҚазҰУ-дың ректоры қызметін атқарған ғалымның іргесі биік білім орданың өркендеуі жолында жасаған еңбектері мен Қазақстандағы жоғарғы білім сапасының дамуына қосқан үлестері де сөз болды.

Көпжасар Нәрібайұлы келген қонақтарға «Қазақстанда жоғарғы білім реформасы» кітабын үлестірді. Сөз соңында шараның ұйымдастырушыларына алғысын білдіріп, кешті қорытындылады.

Ерсұлтан Махамбетәли

ХҚТУ-дің студенті