ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ БАЙ ЕЛ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ БАЙ ЕЛ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕҢ БАЙ ЕЛ
ашық дереккөзі
691
Бірақ халықаралық сарапшылар адам капиталының сапасын арттырып, жемқорлықпен аяусыз күрескен ел ғана өсіп-өнеді дейді. Бұл кеңес Қазақстанға да сабақ болса, игі. Дүниежүзілік банктің сарапшылары «Қазақстан – Орталық Азиядағы ең бай мемлекет» деген тұжырымға келіпті. Жер шарының бірнеше мемлекетіндегі Жалпы ішкі өнім деңгейін салыстырған сарапшылар біздің елімізде бұл көрсеткіш жан басына шаққанда 10 мың доллардан келетінін айтқан. Орталықазиялық аймақты бастап тұрған Қазақстаннан кейін екінші және үшінші орынға Түркіменстан мен Өзбекстан жай­ға­сыпты. Ал туризм саласының арқасында күн көріп отырған Қырғызстанда жан ба­сына шаққандағы Жалпы ішкі өнім 1 мың доллардан да аспайтын көрінеді. Саяси тұрақсыздық жиі орын алатын Алатау баурайындағы ағайындардан кейінгі кезекте Тәжікстан тұр. Дүниежүзілік банк сарап­шылары АҚШ-ты әлемдегі ең бай ел деп таныса, Конго Демократиялық рес­пуб­ли­касын Жер шарындағы ең кедей деп көр­сет­кен. Ондағы ЖІӨ – небары 200 доллар. Жуырда ғана отандық БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Дүниежүзілік банктің бұрынғы басшысы Джеймс Вульфенсон: «Қазақстан батыс пен Шығыстың арасындағы жетекші орынға көтерілуі мүмкін» деген ой айтыпты. Оның айтуынша, 2000 жылдан бастап Қазақстанның әлемдік Жалпы ішкі өнім бөлінісі саласында айтарлықтай ілге­рі­леушілік бар. Екінші Дүниежүзілік соғысқа дейін бүкіләлемдік ЖІӨ-де Қытай мен Үндістанға тиесілі үлес небары 2 пайыз болса, халықаралық экономистер 2050 жылға қарай аталған екі елдің үлесі 50 пайызға дейін өседі деп болжайды. «Әлемдік жалпы ішкі өнімнің 60 пайызы Азияға тән болуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайда Қазақстан батыс пен шығыстың арасындағы алтын көпірге айнала алады», – деген Вульфенсон ол үшін көп тер төгілуі тиістігін жеткізді. Атап айтқанда, үнемі адам капиталының сапасын арттыруға күш салу, мамандардың кәсіби біліктілігін жетілдіру керек: «Адам­дар­сыз ешқандай жетістікке жету мүмкін емес. Қазақстанда пайдалы қазба көп. Бірақ елде сол қазбаларды өндіріп, тиісті ке­лісімшарттарды тиімді жолмен жасауға қабі­лет­ті адамдар болмайынша, нәтиже күтудің қажеті жоқ. Қазақстан – бай мемелкет. Бірақ оның байлығы жер астында. Қазып алудың тиімді тәсілі – халықтың тәжірибесі мен қабілетін дамыту». Халықаралық сарапшылар Қазақ­стан­дағы ша­ғын және орта кәсіпкерлікті да­мытуға, сы­байлас жемқорлықпен күресуге, интел­­лек­туал­дық базаны нығайтуға жиі кеңес береді. Өйткені жемқорлыққа бел­ше­ден батқан бірде бір елдің алға қадам басуы әсте мүмкін емес. Жемқорлық дендеген мемлекеттерде ат төбеліндей ғана топ байлыққа шаш-етек­тен кенелсе, қарапайым халықтың басым бө­лігі сіңірі шыққан кедейге айналады. Өкінішке қарай, бұл келеңсіздік санаулы аза­маты шылқыған бай Қазақстанға да тән. Байлардың байлығына қызығушылық артқан сайын кедейлердің ертеңгі күнге деген үміті де семе беретіні анық. Сондықтан қазір Қазақстандағы қолынан іс келетін жастарға мүмкіндік берген абзал. Жемқорлық туралы ой айтқан Вульфенсон: «Жиырма жыл бойы Дүниежүзілік банктің басшысы болдым. Жемқорлықпен күрес жайлы алғаш рет мәселе көтерген де – мен. Сол кезде маған әріптестерімнің көбісі акционер елдер үшін бұл бастама ұнамайтынын ескерткен еді. Алайда, жемқорлықпен күрес – дамудың ең басты шарты. Сонымен қатар адам капиталын дамыту да өте маңызды», – дейді. Демек, Қазақ қоғамын дамытуға мүдделі билік сыбайлас жемқорлықтың тамырына бал­та шабуға тырысқаны жөн. Өкініштісі сол, бүгінде кез келген мемлекеттің сая­си, экономикалық және әлеуметтік тұрақ­ты­лығының алтын діңгегі – шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда кездесетін кедер­гі көп. Көп жағдайда мұндай кедергілер қол­дан жасалатыны да жасырын емес. Осы олқылықты жоюға Елбасы бір емес, бір­неше рет пәрмен берді. Бірақ шыққан нәтиже ша­малы. Сонымен қатар Жалпы ішкі өнім кө­ле­мін арттыруға шетелдік инвестиция да кәдімгідей сеп. Мәселен, көршілес Ресей өзінің 50 млрд. долларлық жаңа инвес­ти­циялық қорының арқасында жекеменшік саланы жақсартуды көздеп отыр. Ал 400 млрд. долларлық инвес­ти­циялық кор­по­рация құрған Қытай да жеке­мен­шік саланы, яғни, шағын және орта кәсіпкерлікті дамы­туға жұмсамақ. Басқаша айтқанда, келе­шегін жарқын етуге мүдделі елдер жос­пар­лы экономикасын жекеменшік салаға қарай бұруда. Бұл Қазақстанға да сабақ болса, игі.

Серіктес жаңалықтары