Абай облысына 3,5 трлн теңге инвестиция тартылды – облыс әкімі

/
Абай облысына 3,5 трлн теңге инвестиция тартылды – облыс әкімі

Өңір әкімі Берік Уәлидің айтуынша, жыл басынан бері іске асырылып жатқан жобалар саны 29-дан 97-ге дейін, ал тартылатын инвестициялар көлемі 2,2 трлн теңгеден 3,5 трлн теңгеге дейін өсті. Олардың ішінде, 50 жоба Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға енгізілген.

«Ірі инвестициялық жобалардың бірі – көлемі 577,5 млрд теңгені құрайтын жалпы ұзындығы – 297,5 км «Аягөз – Бақты» теміржол желісінің құрылысы. Қазіргі уақытта 10,5 мың гектар жер учаскесі резервке қойылған. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі бекітілді, 2023 жылы іске асырыла бастады. Жобаға 30 млрд теңге инвестиция салынды. Нысанды 2027 жылдың желтоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. 

Биыл жалпы сомасы 25,9 млрд теңгеге 14 жобаны іске асыру жоспарланған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары