МАҚСАТЫМЫЗ – ДАМУҒА ҮЛЕС ҚОСУ

МАҚСАТЫМЫЗ – ДАМУҒА ҮЛЕС ҚОСУ

МАҚСАТЫМЫЗ –  ДАМУҒА ҮЛЕС ҚОСУ
ашық дереккөзі

 Компанияның мыңдаған мұнайшысы экономиканың іргелі секторының өркендеуі жолында табысты еңбек етуде. Мұны Компанияның осы жылдың жарты жылында атқарған жұмыс нәтижелері айғақтап отырғандай. Компания өз жұмыскерлерінің өндірісте қолайлы жағдайда еңбек етіп, әлеуметтік қорғалуына барынша жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Сондай-ақ өндірісті жаңғырту бағдарламасы аясында да қарқынды жұмыстарды іске асыруда.
ҚМГ БӨ  жуырда ғана осы­  жылдың алғашқы жарты­жыл­дығының операциялық нәти­желерін, жаңғырту бағдар­ламасының ағымдағы ахуалын, 2012 жылы құрылған екі жаңа сервистік компанияның опе­рациялық қызметінің нәтижелерін, Федо­ровский блогындағы бұр­ғылаудың қорытындысын  және Лиман блогындағы  сынама эксплуатацияның басталуы туралы баспасөз хабарламасын таратты. Нақты деректерге сүйенсек, «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ биылғы жылдың алғашқы алты  айында өнім өндіруде  жа­­ғымды көрсеткіштерге қол жет­кізіпті. Мәселен, ҚМГ БӨ-нің­ «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «CCEL» және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлесін  есептегенде, шоғырландырылған өндіру 6 092 мың тоннаны  құ­рады, бұл 2012 жылдың осындай кезеңі­нен 1 пайызға артық көр­сеткіш болып отыр.  Бұл орай­да ҚМГ БӨ бас ди­рек­торы Абат Нұрсейітов: «2013 жыл­дың алғашқы алты айының нәти­желері ҚМГ БӨ-нің жақсы қар­қын алып, ағымдағы жылға қойылған жоспарларды табысты іске асырып отырғанын көрсетеді. Біз Қазақстандағы жетекші мұ­най­газ компанияларының бірі болу жолындағы бағытымызды ны­ғайту үшін қуаттылығымызды жос­парлы түрде дамытып келеміз. Біздің негізгі міндеттеріміз – бұл шоғырландырылған өндіру көлемін ұлғайту, геологиялық барлау жұмыстары және жаңа активтерді сатып алу арқылы көмірсутегі қорын арттыру және толықтыру, сондай-ақ негізгі кен орындарында өндірісті оңтайландыру», – деп мәлімдеді. 2013 жылдың маусымында «Өзенмұнайгаз» АҚ-ында тәу­ліктік мұнай өндіру  14,5 мың тоннаны құрады. Өндіріс қарқынын дамытып келе жатқан  «Өзенмұнайгаз» былтырғы  кезең­мен салыстырғанда, 9 пайыз­ға артық көрсеткішке қол­ жеткізіпті. Операциялық қызметтерге тоқталсақ,  ҚМГ БӨ-нің «Қазгермұнай» БК» ЖШС, «CCEL» , «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерін есепке алғанда, 2013 жылдың алғашқы алты айында 6 092 мың тонна мұнай өндірді, бұл 2012 жылдың осындай кезеңінен 1 пайызға артық.
Болжам мен жоспарлауды ұна­татын есептік көрсеткіштер мүлт кеткенді кешірмейді. Сол себепті, биылғы шілде бойынша тәуліктік өндіру бағыты Компанияның алдын ала құрған жоспарына толықтай сәйкес келеді. Яғни, 2013 жылға арналған  8 152  мың  тонна деңгейіндегі өндіру жоспары сақталып отыр.
Іргетасы былтыр қаланған Бұрғылау жұмыстары басқармасы құбыржүйесі мен ұңғыларға жөндеу қызметін көрсетеді екен. Ал «Технологиялық көлік және ұңғыларға қызмет көрсету  басқармасы» ЖШС ұңғыларға жерасты және күрделі жөндеу, жол-құрылыс жұмыстары бойынша, мұнай өндіру ком­па­ниялары үшін экипажбен тех­никаларды жалға берілуіне тиісінше қызмет көрсетіп отыр. Аталған екі компания да жеткілікті жұмыс көлемімен қам­тамасыз етілген, өндірістік жос­парға сәйкес орындауда.  Биылғы жар­тыжылдықта БЖБ 25 ұңғыға күрделі жөндеу және 1 489 ұңғыға жерасты жөндеу жұмысын жүргізді. 2013 жылы сәйкесінше, 50 және 2 928  ұңғыға күрделі және жерасты жөндеуін жүргізу жоспарланған. Технологиялық тұрғыда көрсетілетін көмекке келсек, алғашқы алты айда 23 ұңғы күрделі жөндеуден өткізіліп, 319 ұңғыға жерасты жөндеулері жүргізілген.  Жүргізілген бұл іс-шаралардың тиімділігі өндірістік жоспардың орындалуына өз септігін тигізбек.
«ҚазМұнайГаз»Барлау Өн­ді­ру» АҚ  биылғы жылдың мау­сымында іске қосылған Өзен кен орнындағы Диагностикалау және жерасты жабдықтарын жөндеу цехының жұмысына да үлкен үміт артып отыр. Цех жерасты жабдықтарын жөндеу жұмысының сапасын жақсартып, оларды пайдалану мерізімін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Өндірістің тағы бір жа­ңа­лығы – Өзенмұнайгазда ұң­ғыларды бастыру үшін сұйықтық дайындауға арналған жабдық құрылысының аяқталуы болып отыр. «Ембімұнайгаз» АҚ өнді­рі­сінде де жаңалықтар бар. Осы жылдың шілдесінде Шығыс Мақат кен орнында ілеспе газды кәдеге жаратуға арналған жабдықтың құрылысы аяқталды. Жылына 40 млн.куб жобалық қуаттылығы бар жабдық тазартылмаған газды жағуды тоқтатуға мүмкіндік береді. Қайта өңделген газ тиісінше кәдеге жаратылатын болады.
ҚМГ БӨ-нің Федоровский блогындағы барлау қызметінің нәтижелері туралы ақпаратына сүйенсек, осы жылдың нау­ры­зын­да аталған блокта бұрғыланған тұзасты ұңғысын тестілеу кезінде 11 мм штуцерде тәулігіне 239 450 м3 деңгейінде газ ағыны және  тәулігіне 247 м3 деңгейінде конденсат алынған. Сондай-ақ Компания Оңтүстік Шығыс Новобогат кен орны карнизүсті Лиман блогында сынама пай­да­лануды осы жылдың соңына дейін бастауды жоспарлап отыр.
«ҚазМұнайГаз»Барлау Өн­ді­ру» АҚ және оның ком­па­ниялар тобы өндірістің сан-салалы буынындағы қызметті нәтижелі атқарып, өнім қорының ұлғайып, табыс биігінен табылу жолында жемісті еңбек етуде.

Алтынай АЙДАРҚЫЗЫ