БІР МЕЗЕТТЕ ТӨРТ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

БІР МЕЗЕТТЕ ТӨРТ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

БІР МЕЗЕТТЕ ТӨРТ МЕКТЕП АШЫЛДЫ
ашық дереккөзі
Қаланың Түркістан көшесінде орналасқан 1200 орындық, Бірқазан ауылында орналасқан 50 орындық мектеп пен 20 орындық шағын орталық, және Досан ауылындағы 100 орындық мектеп пен 20 орындық шағын орталық, Наурыз мөлтек ауданындағы 300 орындық мектеп ғимараттары іске қосылды. Мұнан өзге 4 мектеп күрделі, 5 мектеп ағымдағы жөндеуден өткізілсе, бұған дейін шатырынан су кетіп, балалардың білім алуында қолайсыздық туғызып келген 5 мектептің жағдайы қайта түзелді. Салтанатты күні қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Түркістан көшесінде орналасқан 1200 орындық мектеп пен Досан ауылындағы 100 орындық жаңа оқу ордаларының ашылуына қатысып, ұстаздар мен оқушылардың және ата-аналардың ортақ қуанышын бөлісті. Жалпы 2013-2014 оқу жылында қала мектептерінде 43 023 оқушы дәріс алатын болса, олардың 5509-ы бірінші сыныптың табалдырығын аттап отыр.

“Түркістан-ақпарат”