ҚАЗАҚСТАННЫҢ «ТЕҢІЗ ҚАҚПАСЫ»

ҚАЗАҚСТАННЫҢ «ТЕҢІЗ ҚАҚПАСЫ»

ҚАЗАҚСТАННЫҢ «ТЕҢІЗ ҚАҚПАСЫ»
ашық дереккөзі
352

Қоғамдық саяси мектептер енді өңірлерден де ашылатын болады. Жуырда Маңғыстау облысында тағы бір саясат мектебінің білім беру бағдарламасы бекітілді. Бұл атаулы жиынға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Болат Төкежанов, Халықаралық Бизнес Академиясының ректоры Тақыр Балықбаев және облыс әкімі Алик Айдарбаев қатысты. 

Маңғыстау облысы – Қазақ­станның оңтүстік-батысында орналасқан. Бұрынғы атауы –  Маңғышлақ. Маңғыстау облысы – өнеркәсіптік  өңір, мұнда Қазақстан мұнайының 25 пайызы өндіріледі. Ақтау – Жетібай – Өзен мұнай құбыры өтеді. Маңғыстау облысында Қазақстанның «теңіз қақпасы» – Ақтау қаласы орналасқан. Халқының саны – 545 724 мың адам.  

Маңғыстау – ежелгі өркениет елі, 11 мың тарихи ескерткіш мемлекеттің қорғауына алынған археологиялық қорық, ашық аспан астындағы мұражай, мыңдаған тасқа салынған сурет-дастандардың елі. Ерекше діни ғимараттар мен Бекет-Ата, Шақпақ-Ата, Шопан-Ата, Масат-Ата мешіттерінің өлкесі.  

Мыңдаған жылдар бұрын Маң­ғыстау жерімен Хорезм мен Хиуадан Еуропаға және Таяу Шығысқа созылған Ұлы жібек жолы өтті. Бұл жолдың бойындағы Үстірт қыратында бекіністер, керуен-сарайлар, қолөнершілердің, малшылардың және аңшылардың қоныстары орналасқан. Табылған археологиялық заттар бұл бекіністер мен қоныстарда өмір деңгейінің айтарлықтай жоғары дәрежеде болғандығын дәлелдеп отыр. Халықтардың ұлы қоныс аударуы және осымен байланысты сансыз соғыстар Үстірт арқылы өтетін Жібек жолын үзіп тастады, ал кейінгі жүзжылдықтарда болған жойқын моңғол шапқыншылығы оларды жер бетінен біржола жойып жіберді.  

1950-ші жылдардың басында геологтар Маңғыстау қойнауынан уран мен жер бетінде сирек кездесетін элементтердің, мұнай мен газдың кен көздерін тапты. Мұнда Қазақстан Рес­публикасының Әскери-Теңіз Күштері орналасқан. 

1991 жылы қалаға тарихи атауы – Ақтау қайта оралды. Қазір бұл ірі өнеркәсіптік және теңіз жағасындағы қала, Қазақстанның «теңіз қақпасы».

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары