Екібастұзда танысының жүрегіне пышақ сұғып өлтірген әйелге сот үкімі шықты

/
Екібастұзда танысының жүрегіне пышақ сұғып өлтірген әйелге сот үкімі шықты
Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысы Екібастұз қаласында болған ауыр қылмыс бойынша сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2025 жылғы маусымда алкогольдің әсерінде болған Л. бұрыннан таныс Ж.-ны сөздік дау кезінде пышақпен жүрек тұсына жарақаттады.

Жәбірленуші ауруханада қайтыс болды. Сотқа дейінгі тексерулер мен куәгерлердің мәліметтері, соттық сараптамалар және басқа да дәлелдер Л.-ның кінәсін анық көрсетті.

Прокурор мен жәбірленушінің ағасы Л.-ға Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша — қасақана кісі өлтіру бабы бойынша жаза тағайындауды талап етті. Ал Л. мен қорғаушысы әрекеттерді 106-баптың 3-бөлімі бойынша — ауыр зиян келтіргенімен, абайсыздықпен адам өліміне әкеп соққан деп бағалауды сұрады.

Сот шешімі бойынша, қылмыстық әрекет қайталанғаны және қылмыс жасалған кезде алкогольдің әсерінде болғаны ескеріліп, Л.-ға ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде 12 жыл бас бостандығынан айырылды.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары