Доктрина жобасы қабылдауға дайын
Доктрина жобасы қабылдауға дайын
Жақында көпшіліктің ойынан шыққан жаңа құжатқа байланысты қазақ тіліндегі мәтіні бойынша құрылған жұмыс тобының отырысы болып өтті.
«Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Б.Байбек Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесуде қазақтілді нұсқасын жетілдіру үшін жұмыс тобының құрылғандығын айтқан. Оған жұмысшы тобының жетекшісі, «Егемен Қазақстан» АҚ-ы президенті Сауытбек Абдрахманов, Л.Н.Гумилев атындағы Ұлттық университетінің профессоры Намазалы Омашев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл, сенатор Жабал Ерғалиев, «Шалқар» радиосының бас редакторы Аманкелді Мырзабек және Қоғамдық Саясат институтының директоры Саясат Нұрбек қатысты.
Отырыс барысында жұмысшы тобы 20 қыркүйек күні партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің зиялы қауыммен кездесу барысында келісілгендей, Доктринаның қазақ тіліндегі нұсқасына алғашқы ұсыныс-ескертпелерін енгізген болатын. Бұдан соң «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Өңірлік даму министрі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев, партия кураторлары, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары қатысқан мәжіліс өтті.
Мәжіліс барысында сайлауалды тұғырнаманың 2013 жылғы бірінші жарты жылдықта іске асырылуы мен аймақтарда саяси Доктрина жобасын талқылау жұмыстары қорытындыланды. Аймақтарда партияның Доктрина жобасы ауқымды түрде талқыланды. Партия Төрағасының тапсырмасы бойынша, Саяси кеңес, Саяси кеңес бюросының мүшелері, Парламент мәжілісіндегі фракция депутаттары, «Нұр Отан» партиясынан Үкімет мүшелері бұл жұмысқа белсенді қатысты. Партия ішінде өткен кеңейтілген пікір алмасудың арқасында партияның Доктрина жобасына түрлі ұсыныстар мен толықтырулар енгізілді.
Кездесу кезінде қатысушылар сайлауалды тұғырнаманың 2013 жылғы бірінші жарты жылдықта іске асырылу қорытындысын талқылады. Бұл тұрғыда Бақытжан Сағынтаев: «Қазақстанда макроэкономикалық тұрақтылық пен экономика деңгейінің 5-8 пайызға артуы көбіне партия сайлауалды тұғырнамасының арқасында қамтамасыз етілді. Ағымдағы жылдың сегіз айы ішінде Қазақстанның ЖІӨ 5,5 пайызға өсті. Жалпы алғанда, «Нұр Отан» партиясы сайлауалды тұғырнамасының шаралары 20 пайыз іске асырылды», –деп атап өтсе, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек: «Бізге Съезд жобаларын нақты іске асыру шаралар бағдарламасын дайындауды қамтамасыз ету керек. Біз партияның тұғырнамасындағы сайлауалды уәделерімізді орындауда жүйелі тексеру істерін қамтамасыз етуде алдыңғы қатардан көрінуіміз қажет», – деді.
Саяси Доктрина Ақтөбеде де талқыға салынды. Шараға еліміздің батыс аймақтарындағы партия мүшелері қатысты. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек семинар-жиналыстың ашылу салтанатында қатысушыларды «Нұр Отанның» «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асыру жолындағы жаңа мақсаттарымен, сонымен қатар партияның болашақтағы мемлекет дамуындағы рөлін, тәуелсіздік жолында қалыптасқан, уақытпен тексерілген басты құндылықтарын айқындайтын саяси Доктрина жобасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Доктрина партия мүшелерін Елбасы ұстанған мемлекеттік бағытты тұрақты әрі мызғымас етуге біріктіреді. Бұл тұрғыда Бауыржан Байбек: «Стратегиялық маңызы бар осы құжатта билеуші партия миссиясы мен Елбасы мемлекеттік саясатының жетістіктерін қамтамасыз ететін құндылықтары қарастырылған. Бұл негізгі құжат Қазақстанның заманға сай саяси ұстанымын, келешек келбетін ұзақ мерзімге бағамдаған стратегияны іске асырудағы партия рөлін, болашақ бағдарымыз, алға қойған мақсат-мұратымызды айқындайды. Доктринада партияның әлеуметтік саясатының негізі өмір сапасының әлемдік стандарттарға сай азаматтарды әлеуметтік қызметтердің базалық қоржынымен қамтамасыз етуге негізделген: сапалы білім, денсаулық сақтау, таза ауыз су, лайықты зейнетақы және экологиялық қолайлы өмір жағдайы деп көрсетілген. Сонымен қатар мемлекет халықтың әлжуаз және қорғалмаған жігіне мекен-жайлық әлеуметтік көмек көрсетуі тиіс», – деді. Ал Мәжіліс депутаты, арнайы құрылған жұмыс тобының мүшесі Нұртай Сабильянов: «Қазақстандықтар сапалы міндетті орта білім, денсаулық сақтау қызметтеріне толық әрі тең қолжетімді болуы және тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, сондай-ақ зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы алуы үшін партия әлеуметтік саясатты бұған дейін жүргізгендігі және әлі де жүргізетіндігі осы Доктринада айқындалған», –деді.
Доктрина қабылданғаннан кейін партияның барлық стратегиялық және бағдарламалық құжаттары «Қазақстан – 2050» стратегиясы бойынша үйлестірілуге бағыт алады. Партияның сайлауалды тұғырнамасының түзетілген жобасы 18 қазанда өтетін XV Съездің Саяси кеңес бюросы мәжілісінде шығарылады.
«Нұр Отан» ХДП-ның жаңа саяси Доктринасының жобасынан:
Біздің басты жетістігіміз – еліміздің Тәуелсіздігі
Тәуелсіздік – еліміздің басты құндылығы. Біз бүгінгі жетістіктеріміздің қай-қайсысына да Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Сондықтан, Тәуелсіздік біз үшін – баға жетпес байлық!
Мемлекет пен қоғамның бар күш-жігері Тәуелсіздікті нығайтуға арналуы тиіс. Осы мақсат үшін қызмет ету және мемлекетті қорғау тарихтың, сондай-ақ, келешек ұрпақ алдындағы әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Мұны жас ұрпақ әрқашан жадында тұтқаны абзал.
Тәуелсіз Қазақстан – біздің Отанымыз, біздің мақтанышымыз. Отанға деген сүйіспеншілігіміз туған елімізді өркениетті, дамыған ел ретінде қалыптастыруға деген мақсатымыздан байқалады. Сондықтан әр азамат өз елінің өркендеуі үшін қолдан келгенше үлесін қосуы тиіс.
Бірлік пен келісім:
Бірлігі жарасқан, ынтымақшыл ел ғана алдына биік мақсаттар қойып, оларға қол жеткізе алады. Сондықтан, қоғамдық келісімге, азаматтық және ұлттық ортақ құндылықтарға, жаңа қазақстандық патриотизмге негізделген бірлік – еліміздің сәтті әрі тұрақты дамуының берік іргетасы.
Сондай-ақ, біз ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамын сан-алуан пікірлер мен идеялар кең өріс алған жүйе ретінде танимыз. Мұндай елдегі бірлікті сақтау демократиялық құндылықтарды дамытуды қажет етеді. Осынау құндылықтар – қазіргі әлемдегі келісімді қамтамасыз етудің негізгі тетігі.
Сондықтан, біз демократияны қоғамдағы әртүрлі мүдделерді сәйкестендірудің анағұрлым тиімді жолы және даму мақсаттарына қол жеткізудің құралы ретінде бағалаймыз. Біздің партиямыз қоғамдағы демократиялық дәстүрлер мен мәдениеттің дамуына жан-жақты ықпал ететін болады.
Төл мәдениет және руханият:
Руханият пен мәдениет ұлтты біріктіреді және оның мінез-құлқын қалыптастырады. Біз мәдениетті қоғамдық өмірдің аса маңызды салаларының бірі ретінде санаймыз. Оның деңгейі қоғамдық мәні жөнінен саясат пен экономика салаларынан кем түспейді. Мәдениетке сан-алуан өнер атаулының жиынтығы ғана деп қарамау керек. Ол біздің ана тілімізде, ата дәстүрімізде, тарихи мұрамызда, біздің белгі-таңбаларымызда тұнып тұр. Осы орайда, мемлекеттік тіл рухани және ел бірлігінің негізгі факторы болуы тиіс. Сондықтан, біздің партиямыз әрқашан қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын рухани және мәдени құндылықтарды сақтап, оны нығайтуға атсалысатын болады.
Біз мәдениеттердің қарқынды түрде өзара ықпалдасуы заманында, өзгелердің жақсысын ғана сіңіре отырып, өзіміздің төл мәдениетімізді сақтай білуіміз қажет. Біздің мәдениетіміз бен дәстүрлі рухани құндылықтарымыз – ұлтымыздың өміршеңдігі мен сақталуының кепілі. Осы құндылықтардың дамуы елдің жалпы өркендеуін және әр азаматтың әлеуетінің дамуын қамтамасыз етеді.
Әділ әлеуметтік саясат:
Әрбір қазақстандық өмір сапасының әлемдік стандарттарына сай әлеуметтік қызметтердің толық жиынтығымен қамтамасыз етілуі тиіс. Біздің партиямыз әрқашан мынадай әділ әлеуметтік саясатты ұстанады: барлық қазақстандықтар міндетті сапалы орта білім алуға, сондай-ақ медициналық қызметке толық әрі тең негізде қол жеткізе алады. Әркім қолжетімді де лайықты тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Мұқтаж адамдардың барлығы да зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы алады. Барша халық экологиялық қолайлы жағдайда өмір сүреді.
Білім беру жүйесі білімнің жоғары деңгейіне қол жеткізуге және оны нарықтық экономика жағдайында қолдануға қабілет беруге тиіс. Мұндай білім азаматтардың мұқтаждықтарына және ұдайы оқуға деген ұмтылыстарына сәйкес келуі тиіс. Жұмыспен қамту саясаты еңбек нарығын жандандыру және еңбек ресурстарының жылжымалы болуын арттыру қағидатына негізделетін болады. Осы орайда, кәсіптілік пен әділ бәсеке негізгі әлеуметтік лифт болуы тиіс.
Әлеуметтік кепілдіктер адамға ертеңгі күнге сенімді болуына, бойындағы мүмкіндіктерін ашуға жағдай туғызады, сонымен қатар белсенді экономикалық қызметке ынталандырады.
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім алуына және еңбек нарығына қол жеткізуі оларға іс жүзінде қоғамның толық құқықты мүшесі болуына мүмкіндік береді.
Өзара көмек пен қолдаудың моральдық-адамгершілік құндылықтарын нығайта түсу, тұрақты экономикалық өркендеуге негізделген әділ әлеуметтік саясат – бүкіл қазақстандық қоғамның және әрбір азаматтың табысты түрде дамуына ықпал етеді.
Зияткер ұлт:
Қазіргі заманғы қоғамдағы бәсекелестіктің басты белгісі – бірегей білім мен технология. Сондықтан, Қазақстанның болашағы – зияткер ұлт және инновациялық экономика. Ол үшін біз басқару, гуманитарлық және білім беру инновацияларын дамытуды қажет деп санаймыз. Бұл білім қоғамын, жаңа экономиканың арқауы болып табылатын зияткер тапты қалыптастыруға ықпал етеді. Біз, сондай-ақ, ғылым мен білімнің дамуына, жас азаматтардың инновациялық және шығармашылық әлеуетін іске асыруына, жаңа мүмкіндіктер жасауға айтарлықтай ықпал ететін боламыз. Мұның бәрі біздің әрқайсымыздың прогреске және жасампаз шығармашылыққа ұмтылумен қатар, қуатты инновациялық серпіліске және экономикалық өркендеуімізге септігін тигізеді.