Шымкенттің тәтті кәмпиті

«Барыс 2007» серіктестігінің Елбасы Н.Назарбаевтың қатысуымен 2009 жылы макарон өнімдерін шығаратын желісі іске қосылған болатын. Аталған желінің қуаттылығы сол, сағатына 3500 кг немесе жылына 25 мың тонна макарон өнімдері шығады. 

Өндірісте 150 жаңа жұмыс орындары құрылған болатын. 2011 жылы қуаттылығы сағатына 1500 кг немесе жылына 11 000 т. макарон өнімдерін шығаратын екінші желісі іске қосылды. Кәсіпорындағы құрал-жабдықтар Италиялық «Pavan Mapimpiati S.P.A.» мекемесінен жеткізілген. Екінші іске қосылған желі ұзын макарон өнімдерін шығаруға мүмкіндік беріп, кәсіпорында 40 жаңа жұмыс орны құрылды. Қысқа уақыт ішінде «Барыс 2007» ЖШС шығаратын өнімдері Қазақстанның ішкі нарығы мен ТМД елдерінде үлкен сұранысқа ие болды. «Мадина» тауар белгісімен шығатын макарон өнімдері сапасы мен дәмділігі жөнінен 2010-2011 жылдары «Продэкспо»( Мәскеу) халықаралық көрмесінде «Үздік тауар» белгісімен марапатталып, 2010 жылы «Қазақстанның үздік өнімі» атанды. 

Аталған цехта италиялық «IMA­FOR­NI» компаниясының үздік желісі іске қосылған. Бұл желі жоғары сапалы, пішіні мен дәмі тұтынушының көңілінен шығатын кондитерлік өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпорында жаңа 80 жұмыс орны ашылды. Шымкенттің сауда нүктелерін жаулап алған украиндық тәттілерге өзіміздің, отандық тәтті күлшелер төтеп бере алады деп сенеміз.

Азат Қаражанов, зауыт директоры:

– Біздің өнім барлық сапа жүйелеріне сай келеді. Биыл мекемеде шығатын өнім түрлерін ұлғайту мақсатында кондитерлі өнімдер желісін іске қосудамыз. Аталған желінің қуаттылығы сағатына 700-1000 кг печенье, сонымен қатар Таралли және Торчетти кондитерлі өнімдері шығарылады. Тәтті өнімдерді шығаратын құрал-жабдықтардың жалпы құны 7 млн. АҚШ долларын құрайды. Алғашқы кезеңде біз печеньенің 18 түрін, «Бөбек», «Наурыз», «Арман», «Шашу», «Экзотика», «Гармония», «Дуэт», «Топленое молоко» т.б. шығаруды жоспарлап отырмыз. Екінші кезеңде италиялық Таралли мен Торчетти кондитерлі өнімдерін шағаратын боламыз. 

Back to top button