ОРАЛ МҰХАМЕДЖАНОВ

ОРАЛ МҰХАМЕДЖАНОВ

ОРАЛ МҰХАМЕДЖАНОВ
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Орал Мұхамеджановтың қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады.Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметінен хабарлады

Жеделхатта Орал Байғонысұлының іскерлік және ұйымдастырушылық қабілетімен жастай көзге түсіп, басқару органдарында түрлі жауапты қызметтер атқарып, мол тәжірибе жинақтағаны атап өтілген. «Қазақстан Тәуелсіздік алған алғашқы күннен Президент Әкімшілігінде және Үкімет аппаратында бөлімдер басқарып, Парламент Мәжілісінің депутаты, кейін Палата Төрағасы бола жүріп, өзінің мол білімі мен бүкіл қажыр-қайратын туған елімізді көркейтуге, оның құқықтық-заңнамалық базасын қалыптастырып, нығайтуға жұмсады. Қай қызметте жүрсе де ақжарқын мінезімен, адамгершілік қасиеттерімен әріптестерінің арасында әрдайым зор абырой мен беделге ие болды. Оның еңбегі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілді», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев  О.Мұхамеджановтың есімі мен Қазақстанның дамуына қосқан үлесін халқымыз ұмытпайтынын атап өткен.