АЛМАТЫНЫҢ ІРГЕСІ ҚАРА ТҮТІН

АЛМАТЫНЫҢ ІРГЕСІ ҚАРА ТҮТІН

АЛМАТЫНЫҢ ІРГЕСІ ҚАРА ТҮТІН
ашық дереккөзі
211

effde72ff516818ae836905187d27514.jpg

Алматы қаласының архитектуралық құрылымына елеулі өзгерістер енгізілгені мәлім. Нәтижесінде қаланың іргесіндегі қаптаған қара базарлар сүрілуі тиіс. Бас жоспар бойынша, солтүстік айналма жолының ені 130 метр болуы керек.  Яғни жолдың бір жағы 65 метр, екінші жағы да 65 метрге дейін кеңейтілуі қажет. Демек,   кең жолақты жол түсіп, соңғы үлгідегі заманауи супермаркеттер салынбақшы.

Алайда, бұл жаңалықтың шеті шыққалы бері нанын базардан тауып отырған халықтан маза қаша бастағаны белгілі. Бұған дейін жол жиегіндегі жабайы сауданың көзін жоюға бірнеше рет талпыныс жасалған еді. Бірақ бұқара халықтың наразылық танытуы салдарынан бұл кейінге шегеріліп келген болатын. Ал, осы жолы «базарды құртамын» деген қала билігі бетінен қайтпайтынын нақты көрсеткен сыңайлы.

fc0025aac6cab7e2d8eddef2b73f1b37.jpg

Айналасы үш айдың ішінде «барахолкадан» екі рет өрт шықты. Қыркүйек айында «Олжа», «Аян», «Керемет», «Алатау» базарларын өрт шарпыса, өткен жексенбіде «Арал», «Құлагер», «Глория» базары тілсіз жаудың құрсауында қалды. Қызыл жалын аз уақыттың ішінде саудагерлердің сансыз тауарының күлін көкке ұшырды. Жан ұшырған алыпсатарлар «Бұл қолдан жасалған өрт» деп жыларман. Тіпті, олар қалған тауарын да алып үлгермеген. Саудагерлердің айтуынша, бұған базарды қоршап тұрған полиция кедергі келтірген көрінеді. Олпар темір шарбақтан өте алмай, базар маңын торуылдап жүрген саудагерлерді  ішке аттап бас­тырмады. Ақыры, «Құлагер» базарының арғы жағынан кірмек болған 500-ге жуық сатушыны тоқтату үшін,  тағы төрт  автобус арнайы жасақ сарбаздары шақыртылды.

0fb0066c0b75d2de6bc49cab03cb2460.jpg

Бұл кездейсоқтық па, әлде қасақана жасалды ма? Қалай десек те, саудагерлер әкімдіктің бұл іске белсене кіріскендігінен хабардар. Ол ол ма, екі күн бұрын сатушыларға жерді босату туралы ескерту де айтылыпты. Алайда, саудагерлерден орын үшін төлейтін ақшаны желтоқсан айына да жинап алған базар қожайындары мұны құлаққа да ілмеген сияқты. Ең бас­тысы, «Құлагер» базарын бір апта бұрын тексерген төтенше жағдайлар департаменті 13 түрлі заң бұзушылықты анықтаған. Одан бөлек департамент Алматыдағы ауданаралық экономикалық сотқа «Құлагер» базарының жұмысын тоқтату туралы арыз да түсірген. 

8bb4689743358d66fadaef37fcd1626c.jpg

Ал, оқиға орнына келген Алатау ауда­нының әкімі,  саудагерлерге ешқандай өтемақы төленбейтінін ашық айтып, басқа базарға көшуді ұсынды. Алайда, тауарлары  күлге айналған  жұрттың  жаңа орынға барғысы жоқ. Барынан айрылған базар саудагерлері жұмыс орындарын қалпына келтіруді талап еткенімен, әкімдік өкілдері ешқандай көмек жасамақ емес. Орнына жақында  жаңа құрылыс  басталмақ. Жолды кеңейтіп, қаланы көркейткісі келген қала әкімдігі базардың орнына түсетін нысанның кескінін де жасап қойыпты. Тіпті, жобасы мақұлданған. 

87c7031d642972aff0cc33227e558b89.jpg

Алматы қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары Жанат Айтілеудің айтуынша, өртке оранған базарларда санитарлық ережелер мүлдем сақталмаған әрі көлік жолына кедергі жасайды. «Оның үстіне «базарда туберкулез дерті дендеп жатыр» деген  ақпарат желдей ескен. Сондықтан да техникалық талаптарға сай дүкендер «Сәлем» базарының орнынан бас­тап бой көтереді. 

Қала әкімі А.Есімов журналистермен өткізген баспасөз мәслихатында кейбір шенеуніктердің «Барахолка» қожайындары екенін тілге тиек етіп, олардың қала әкімдігінің шешіміне пысқырмай отырғандығын айтқан еді. Шын мәнінде, қазір «Неге тек ұсақ базарлар ғана өртке оранып жатыр?» деген сауалды көлденең қоятындар көп. «Олжа», «Аян», «Глория», «Құлагер» базары да соншалықты үлкен емес. Ал ұзақтығы пәленбай шақырымға созылып жатқан кейбір базардың артында кімдер бар? 

e12bd020d0c2a5dd98debb5a15189184.jpg

Жабайы саудадан түсіп жатқан ақшада есеп жоқ. Дүниежүзілік банктің мәліметінше, алматылық барахолканың бір жылдық айналымы 1 млрд. 742 млн. АҚШ долларына тең екен. Ал қаланың аумағындағы 74 базардың 34-і «қызыл жолақтың» үстіне түскен. 

Динара Мыңжасарқызы 

Серіктес жаңалықтары