«Назардан тыс қалмайды»: Бас прокурор қаза тапқан сарбаздардың аналарымен кездесетінін айтты

/
«Назардан тыс қалмайды»: Бас прокурор қаза тапқан сарбаздардың аналарымен кездесетінін айтты
prokuror.gov.kz

Бас прокурор Берік Асылов Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарын қабылдайтынын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

 «Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында

Бас прокуратура мен Бас әскери прокуратура басшылығы қаза тапқан және жарақат алған әскери қызметшілердің аналарын қабылдайды.

Олардың әрбір уәжі назардан тыс қалмайды. Сондай-ақ әскери қызметшілердің қаза табуы мен жарақат алуын болдырмау жөніндегі жұмыстарға, әскери қызметке шақырудың заңдылығына және медициналық қызметтің қорытындыларының негізділігіне баға беріледі.

Осы жұмысқа Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның орталық аппараттарының өкілдері тартылды», - деп жазды Б. Асылов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары