Дәрі-дәрмектерге деген қажеттілікті болжау үшін жасанды интеллект енгізіледі

/
Дәрі-дәрмектерге деген қажеттілікті болжау үшін жасанды интеллект енгізіледі
istockphoto.com

Бүгінгі таңда Қазақстан цифрландыру және фармацевтика саласының ашықтығы бойынша өңір көшбасшыларының бірі болып отыр.

Денсаулық сақтау министрлігі:

  • дәрілік қажеттіліктерді болжау,
  • нарықты талдау,
  • жалған рецепттерді анықтау үшін жасанды интеллект енгізеді.

Таңбалау жүйесінде нарыққа қатысушыларға таңбалау, айналым қағидалары және заңнама талаптары мәселелері бойынша автоматты түрде консультациялар жүргізетін ЖИ-консультантты енгізу жоспарлануда.

Бұдан басқа, таңбаланған дәрілік заттардың қозғалысын мониторингілеу және талдау, айналымдағы қауіптердің алдын алу үшін болжамды талдау енгізілетін болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары