Жол жөндеуге 5 триллион теңге бөлінбек

Жол жөндеуге 5 триллион теңге бөлінбек

Жол жөндеуге 5 триллион теңге бөлінбек
ашық дереккөзі

 

ҚР Үкіметі көлік
инфрақұрылымының даму бағдарламасын бекітті. Көлік және коммуникация министрі
Асқар Жұмағалиевтің мәліметіне сүйенсек, 2020 жылға қарай 30 мың шақырым авто жол мен 8,2
мың шақырым темір жол жөндеуден өтпек.

Премьер-министр
Серік Ахметов бұл бағдарламаға бөлінетін қаржының – 5 триллионға жететінін
айтқан. Үкіметтің таратқан мәлімдемесінде жүк транзитінің көлемі – екі есеге,
жүк айналымы – 1,6 есеге, жолаушы тасымалы – 1,5 есеге артпақ. Аймақтарда кіші
авиацияның 16 аэродромын, ірі қалаларда әуежайлар жөндеуден өткізілмек. Жақында
ғана Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Елбасы елдегі авто және темір жолдардың
сапасын қатаң сынға алған еді. Сол кезде қазақ жолдары сапасы жағынан 144 елдің
ішінде 117-орынға табан тірейтіндігі айтылды. Елдегі жолдардың сын
көтермейтіндігі жайында біз де жиі сөз қозғаймыз. Өкініштісі сол, жолдар
құрылысына арналып жылда пәленше миллион-триллион теңге жұмсалады. Алайда біздің
жолдардың сапасы бұдан жақсара қойған жоқ. Әсіресе өңірлерде 20 жыл бойы тоз-тозы
шығып, асфальттің жұрнағы ғана қалған жолдардан аяқ алып жүргісіз.
Оқырмандардың есінде болса, 2010 жылы дәл осындай көлік инфрақұрылымын дамыту
бағдарламасы қабылданып, оған тағы да 2,7 триллион теңге бөлінгені белгілі. Алайда
бұл бағдарлама әлі де жұмыс істейді. Біріншіден, оның сапасын тексеріп жатқан,
ақшаның қайда жұмсалғанын ескеріп жатқан ешкім жоқ. Алайда бірінші бағдарламаны
өткізіп, оны аяқтамай екіншісін қабылдауға Үкіметтің құзыры жетпейді екен.
Сонда қалай, бұл өздерінің осы салаға жұмсалған қаржының жемқорлардың қалтасына
түсіп кеткенін жасырып-жабу үшін жасалып отырған қадам ба? 

Есен Байнұр.