Тоқтарәлі Таңжарық: "Польшадан шақырту алдым!"

Тоқтарәлі Таңжарық: "Польшадан шақырту алдым!"

Тоқтарәлі Таңжарық: "Польшадан шақырту алдым!"
ашық дереккөзі

Осыған орай біз ақынның өзіне хабарласып, сүйінші хабарын “Түркістан” оқырмандарымен бөлісуді жөн көріп отырғанымызды айтып, тілдескен едік:

– Менің “Түн парақтары” деген кітабым  2008 жылы “Жалын”  баспасынан  жарық көрген еді. Осы кітапты “Бостандық” атты Еуропа ақындарының конкурсының шарты бойынша аударып,
оқырмандардың назарына ұсынады екен. Кітап 2014 жылдың басында поляк тілінде жарық көрмек. Наурыздың  20-22-лерінде  жыр фестивалі болады, соған барамыз. Кітапты аударған түркітанушы ғалым Хенрих Янковски. 
  Олар маған Польшаның қандай
қалаларын аралағыңыз келеді және өзіңіз жалғыз келесіз бе әлде қасыңызға
достарыңыздан бір кісі ерте келесіз бе деп ұсыныс жасапты. Ол кісі сол жақтағы түркітану
орталығының басшысы. Хенрих Янковски мырза биыл Абайдың өлеңдерін де
поляк тілінде сөйлеткен. Қазақ тілін өте жақсы меңгерген.   Менің кітабымнан бөлек,
Швеция, Эстония, Франция секілді елдерден 7 ақынның кітабы да жарық көрмекші.
Фестивальде Еуропа ақындарымен танысудың сәті түсетін болды. Осы кезде
“Бостандық” атты Еуропа ақындарының жыр мүшәйрасы да  өтпек, – деді ақын қысқаша. 

Есен Байнұр.