Атакенттегі шырша да өртенді

Атакенттегі шырша да өртенді

Атакенттегі шырша да өртенді
ашық дереккөзі

 Жаңа жылды тойлауға сонша асығып, жер-жерде әуелетіп шыршаларды тігіп қойдық қой. Алайда сонымызды Алланың өзі қош көрмеген сияқты. Соңғы күндері солтүстік аймақтарда салтанатпен ашылған шыршалар бірінен кейін бірі қатты боранның екпініне шыдай алмай, теңкиіп еді, Алматыдағы “Атакент” көрмесіндегі шырша өртке оранды. Сөйтіп, бір ай бұрын жалаулатқан Жаңа жылдың басты символы шыршалардың тырапай асуында бір мән бар секілді. Ол Тәуелсіздіктің киесі, Желтоқсанда жазықсыз жапа шеккен боздақтардың көз жасының киесі. Сондықтан, шырша тігуден жарысқанша, қазақтың киелі де, қастерлі Тәуелсіздігін ұлықтаудан жарысу керек еді.