ЕСКЕЛДІДЕГІ ЕСТЕ ҚАЛАР МӘУЛІТ

ЕСКЕЛДІДЕГІ ЕСТЕ ҚАЛАР МӘУЛІТ

ЕСКЕЛДІДЕГІ   ЕСТЕ ҚАЛАР   МӘУЛІТ
ашық дереккөзі

Аудандық мәдениет үйінде өткен мәу­літ мерекесіне халық көп жиналды. Оған ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкіл имамы Серікқан Ахмадиев, Ескелді аудандық маслихат хатшысы Қалабек Тастанбекұлы, ауылдық имамдар, т.б. құрметті қонақтар қатысты.
Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.)­ өшпес өнегесін, қалдырған ілі­мін насихаттауға арналған бұл кеште­ Алла елшісінің (с.а.с.) мүбәрак өмірінен сыр шерткен уағыз айтылып, діни ән­дер орындалды, жалынды жырлар­ оқылды. Жасөспірімдер арасында қа­сиетті Құранды жатқа оқудың жарысы өткізілді. Ерекше айтыс өтті. Ақындар Пайғамбарымызға (с.а.с.) мадақ жырларын арнады.
Мәуліттің қорытынды сөзін осы мәу­літті ұйымдастырған Ескелді аудандық ме­шітінің бас имамы Болат Жұмағалиев сөй­леді.
Бас имам Болат Сағынғалиұлы мәу­літ­тің ойдағыдай өтуіне атсалысқан аудан әкімі – Нұрлан Қылышбаевқа, кәсіпкер Жанат Сарғалдақовқа Алғысхат табыстады. Құранды жатқа оқыған жасөспірімдерге бағалы сыйлық пен мақтау қағаздарын берді. Айтыскер ақындарды қомақты ақшалай сыйлықпен марапаттады.
«Жақсылықта жарысыңдар» демекші, бас имам Болат Жұмағалиев бастаған азаматтар аудан әкімі Нұрлан Қылышбаев арнайы сыйға тартқан төрт түліктің төресі жылқыны сойып, халықты ақ дастарханға шақырып, мәре-сәре болды.

Динара Мыңжасарқызы