Қазақ қазысы мәскеуліктердің аңсар асы

Қазақ қазысы мәскеуліктердің аңсар асы

Қазақ қазысы  мәскеуліктердің   аңсар асы
ашық дереккөзі

Биылғы жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы Қорғалжын ауданының Сабынды ауылында орналасқан «Бакара» ет комбинаты Мәскеу нарығына 200 тоннаға жуық майлы қазыларды жеткізбекші.Кейбір деректерге сүйенсек, қаңтар айын­да аталмыш мекеме Ресей астанасына 15 тоннадай қазы мен шұжық жеткізді. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму республикалық бағдарламасы бойынша комбинат 2010 жылы Мәскеу кәсіпорындарымен бірнеше келісім-шартқа отырып, екі жақты қарым-қатынасын нығайтқан болатын. 
Бірнеше жыл ішіндегі бірлескен жұмыс бойынша мәскеуліктердің кәсіпорын өніміне сұранысы артқанын байқауға болады. Өткен жылғы 35 тоннадан биыл 200 тоннаға жетуі осының дәлелі. Сөйтіп жылына 5 мың тоннаға жуық ет өнімін шығаратын кәсіпорын Қазақстан бойынша ет, сүт және т.б. жер өнімдерін тасымалдайтын ең ірі өңірлік экспортшылардың біріне айналды. 
Мемлекет көмегін алған өңірлік мекемелердің бірі аталмыш комбинат «Халал» стандарты бойынша жұмыс істейтінін де айта кетсек болады. Бүгінде «Бакара» өнімдерін Астана мен Қарағанды қалаларының тұрғындары мен қонақтары сүйсініп жеп жүр.

Шынар САМЕТОВА