«Менен де өтті осы өмір...»

«Менен де өтті осы өмір...»

«Менен де өтті осы өмір...»
ашық дереккөзі

«Менен де өтті осы өмір…»

 
Қазақтың белгілі айтыскер ақыны, Қазақстан
Жазушылар одағының мүшесі, Президент стипендиясының лауреаты, «Еңбектегі ерлігі
үшін» медалінің иегері, Біржан сал атындағы сыйлықтың лауреаты Есенқұл
Жақыпбек қараша айында 60 жасқа  қараған
шағында дүниеден өткен. Дарынды ақынның көзі тірі болғанда 60 жасқа толар еді.

  Осыған орай бүгін
Алматыда ақынды еске алуға арналған «Менен де өтті осы өмір . . .» атты еске
алу кеші өтеді. Кешке  Қазақстанның халық
әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Бекжан Тұрыс, Ақан
Әбдуәлі, әнші Саят Медеуов, әнші-сазгерлер Жәкен Омаров, Роза Әлқожа, Ләззат
Жанаманова және басқа белгілі өнер шеберлері қатыспақ. Шараны мемлекеттік
«Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ақын Жанарбек Әшімжан жүргізеді.

  Қазақтың
маңдайына біткен дарын иелерінің бірі Есенқұл Жақыпбек 1954 жылы 10 ақпанда
Алматы облысы, Жамбыл ауданындағы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1974 жылдан аудандық
газет редакциясында қызмет етті. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика
факультетінінің түлегі. Соңғы жылдары Жамбыл аудандық «Атамекен» газетінің бас
редакторы болып қызмет етті. «Бастау», «Ағымнан жарыламын», «Біз екеуіміз»,
«Жеріңе табын», «Біздің елдің жігіттері», «Есіл дүние-ай!», «Жан қисса», «Бұл
жазда өтер», «Тау басында кәрі қар», «Сарғайған сары терезе» атты кітаптардың
авторы.  Есенқұл Жақыпбек
телевизиялық ақындар айтысының тұңғыш лауреаты атанған тұлға.  Сатиралық айтыстың саңлағы сан түрлі өнерді
бойына жинақтаған талантты жан еді.  Есенқұл Жақыпбектің қазақ поэзиясының үлкен ақыны екендігіне ешкімнің дауы
жоқ. Айтыс пен жазба поэзиясы Есенқұл ақынның қос қанатындай болды. Ел арасында
«Есенқұл ақын» атанған дарын иесі халқының жадында мәңгі сақталмақ.

Әсел ӘНУАРБЕК