ЛИНЗАСЫЗ БИЛІК

ЛИНЗАСЫЗ БИЛІК

ЛИНЗАСЫЗ БИЛІК
ашық дереккөзі

Бүгін таңертең жұмысқа шығайын деп жатып, линзамды киейін десем, біреуі жоқ. Түнде дұрыс салынбаған сияқты құтыға. 

Содан бір линзаны киіп алып, оптикаға тарттым. Үш-ақ көше жүрдім, жеткенше бір линзамен өліп қала жаздадым. Өзімді Кутузов сезінгенім тағы бар.  Бір көзім анық көреді, ал біреуі – бұлдыр тартқан. Маған кейде біздің билік те линзасыз не көзілдіріксіз жүрген сияқты көрінеді: халықтың қалың шоғырын көреді, бірақ қанша екенін анық білмейді. Халықтың проблемасы барын біледі, бірақ қандай проблема екенін тап басып айта алмайды. Кеше девальвация “жасай салғанда” да, “экономика керемет, қаржы саясатымыз мықты, жұмыссыздық пәлен пайызға төмендеді, инфляцияны түген пайызбен ауыздықтаймыз, қымбатшылық болмайды” деп бөскенде де линзасыз сөйледі. Өйткені елдің бетіне тік қарау үшін ұят керек қой. Ал линзасыз рах-хат! Ешкімнің түрін көрмейді, ашулы адамдардың, күйкі тіршіліктің күйбеңі титықтатқан жандардың өңменіңнен өтетін өткір көздерімен көздері түйіспейді биліктің. Көзілдірік алуы керек, не линза кисін билік. Онсыз болмайды.