ТҮБІ БІР ТҮРКІ ТАҒЫ ДА БАС ҚОСТЫ

Жер
шарының түкпір түкпірінен жиылған 370 түркі журналисі түркі әлемінің күшеюі,
бірігуі мен ынтымақтастық
ты арттыру жолдарын қарастырды.
Наурыз мерекесінің құрметіне орай ұйымдастырылған бұл шара 4 күнге созылмақ.

  Түркияның
Ескишехир қаласында Түркі әлемі журналистерінің Құрылтайы өтуде. Түркия, Қазақстан,
Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Ұлыбритания, Германия, Бельгия,
Голландия, Македония, Татарстан, Молдова, Ауғанстан, Ирак, Иран, Кипр, Румыния
т.б. жалпы саны 30 мемлекеттен 370-тен астам әріптес жиылған жиын БАҚ өкілдері
көрмесімен ашылды. Көрмеде әрбір ұлттың өкілі өз елінің туын, ұлттық нақыштағы
заттары мен газет-журналдарын көпшілік назарына ұсынды.

  Ескишехирдегі
Анадолы университеті жанынан құрылған Студенттер орталығында өтіп жатқан шарада
Түркиядағы Журналистер қауымдастығы ақпарат қорының жетекшісі Йылмаз Караджа
жиылған қауымға түркі бірлігі жолындағы жасап жатқан еңбектері үшін алғысын
айта келе, исі түркінің құндылықтарына тоқталды. Түркі журналистері
федерациясының бастығы Атилла Сертел: “Ескишехир – келісімнің, үміт пен
жастықтың, азаттықтың қаласы. Жүрегі таза, бауырмалдыққа толы қала ешқашан жамандық
жасағандарды кешірмейді. Түбі бір, тарихы мен тағдыры бір елдерден жиналған
бауырлас халықтардың ауызбіршілігіне зиян келтіруге тырысқандар көп. Бірақ олар түркі бірлігіне нұқсан келтіре алмайды. Түркі
журналистерінің басты мақсаты – Түркиядағы сияқты, адамдардың сенімін, әке
шешесінің атын, жеке куәлігін сұрамай-ақ, бауырластық сезімін ұсыну. Біз соғыс
болып жатқан бауырлас елдердегі жазықсыз құрбан болған балалар, аналар мен бауырларды көргенде жанымыз жай таппайды, қайғырамыз.
Адамдар қандай Ананың құрсағына бітетінін, қандай отбасыда тәрбиеленетінін шеше
алмайды. Бірақ бақытты балалық шаққа әрбір бала қақылы. Біздің, журналистердің
міндеті, дауларды, қиындықтар мен түйткілдерді бүкпесіз айтып, оларды шешудің
жолдарын қарастыруға ықпал ету. Дәлелдеуді қажет етпейтін нәрсе – шындықты
ешкім тұншықтыра алмайды”, – деді. түркі бірлігі жолында
журналистердің ықпалы мен атқаратын басты шаруалары туралы сөз қозғаған ТҮРКСОЙ
басшысы Дүйсен Қасейінов  түркі әлемінің бірлігі үшін қызмет етіп келе жатқан әріптестерге
арнайы сыйлықтар табыс етті.

  

53a9a78e981d3125eb56b56b5c80b8c8.JPGe71b43654da9f0597f61d4e5c82e1f15.JPG

f3d8797fe6533a774363f20022b47c22.JPG08d3d01a9da3452088ee55eb15e303c1.JPG

Құрылтайда
Түркия Білім министрі түркі әлемі журналистерін еркін пікір алмасуға, тәжірибе жинақтап,
түркі бірлігі жолында атқарылатын ортақ бастамаларды жүзеге асыруға шақырды.
Шемситтин Күзеджи: “2003-2007 
жылдары қаза тапқан журналистер
саны үш жүзден асып кетті. Ажалға бастайтын жолда да
журналистердің пікірі әрдайым азат қала бермек. Сөз бостандығы болмаса, ойымыз
да тәуелді”, – деді.

  Құрылтай
бағдарламасының шеңберінде Түркі әлеміндегі әйел журналистерінің
басқосуы өтеді. Аталған шарада түркі әйел журналистері түйткілдерді ортаға салып, олардың шешу жолдарын қарастырмақ.
Сонымен қатар ТҮРКСОЙ тарапынан Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған
мерекелік іс-шаралар да бар. 

  Нәзия Жоямергенқызы,

  Ескишехир
қаласы, Түркия

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button